Біліктілік пен лауазымдар тізбесі
- Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном;
- Агроном – топырақтанушы;
- Агроном
- Кіші ғылыми қызметкер:
- Ғылыми қызметкер;
- Сандық агроном https://atlasbt.enbek.kz/kk/profession/214 ;
- Биолог;
- Агробиоинженер.
Кәсіби қызмет саласы
- Агроөнеркәсіптік кешен;
- өсімдік шаруашылығы мен селекциядағы сандық және омикстік технологиялар;
- өсімдіктердің молекулалық және жасушалық биотехнологиясы;
- агробиоинженерия және биологиялық деректерді талдау.
Кәсіби қызмет саласы мен объектісі
- Ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың геномдары;
- мәдени өсімдіктердің жасушалары, ұлпалары мен органдарының in vitro мәдениеттері;
- агробиоценоздар;
- өсімдіктерді қорғауға арналған биопрепараттар мен биологиялық белсенді заттар;
- агробиологиялық деректер базасы мен геномдық ақпарат жүйелері.
Кәсіби қызмет функциялары
- өсімдіктердің шаруашылық-құнды белгілерін жақсарту және күйзеліске төзімділігін арттыру үшін биоинженерия мен молекулалық генетика әдістерін қолдану;
- агрономиялық және селекциялық міндеттерді шешу үшін Python/R тілдерінде омикстік деректерді өңдеу мен биостатистикалық талдауды жүзеге асыру;
- нақты егіншілік пен ауыл шаруашылығын цифрландыру құралдарын енгізу;
- биопрепараттар өндірісінің технологиялық процестерін басқару.
Кәсіби қызмет түрлері
1. ғылыми-зерттеу қызметі:
- агробиоинженерия, молекулалық генетика және өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу, әдеби және патенттік іздеулер жүргізу.
- ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық-құнды белгілерін жақсарту және күйзелістерге төзімділігін арттыру үшін заманауи биоинформатикалық және молекулалық-генетикалық тәсілдерді қолдану.
- биологиялық және агробиологиялық объектілер туралы ақпараттың үлкен көлемін (декодталған геномдарды, нуклеотидтік және аминқышқылдық тізбектердің мәліметтер базасын) сауатты талдау үшін алынған білім мен кәсіби дағдыларды пайдалану.
- модификацияланған, геномы редакцияланған немесе жаңа өсімдік формаларын құрастыруға, ДНҚ-маркерлерді әзірлеуге және фитопатогендердің молекулалық диагностикасына қатысу.
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін селекциялық үдеріске және өндіріске енгізуге қатысу, есептерді, шолуларды және ғылыми жарияланымдарды рәсімдеу.
2. ұйымдастыру және басқару қызметі:
- агробиотехнологиялық және цифрлық агрономиялық жобаларды орындайтын зерттеушілер мен мамандар командасының жұмысын ұйымдастыру.
- биоинженерлік, зертханалық және дәл егіншілік жабдықтарын пайдалану кезінде техникалық құжаттаманы (жұмыс кестелерін, технологиялық карталарды, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды, материалдар мен жабдықтарға өтінімдерді) дайындауға қатысу.
- кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесін енгізуге, өндірістік жарақаттардың, кәсіптік аурулардың және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларына қатысу.
3. өндірістік-технологиялық қызмет:
- еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, биологиялық объектілер мен биопрепараттарды қолданатын технологиялық процестердің жеке кезеңдерін басқару бойынша ұсыныстар жасау.
- өсімдіктердің молекулалық-генетикалық және жасушалық зертханаларында, сондай-ақ дәл егіншілік жүйелерінде жұмыс орындарын ұйымдастыруға және техникалық жабдықтауға қатысу.
- ауылшаруашылық биотехнологиясы кәсіпорындарында кіріс шикізатын, биоинженерлік қондырғыларды бақылауға және шығарылатын өнімнің сапасын бағалауға қатысу.
Дағды қалыптастыру
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, агробиоинженерия саласындағы кәсіби қызмет мәселелерін шешуге.
- кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда ғылыми есептерді ұсынуға және пікірталастарға қатысуға.
- өз кәсіби қызметі саласында топты басқаруға, әлеуметтік, мәдени және инклюзивтік айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдауға дайын болуға.
- жаңа білім алу және мақсатты түрде өзгертілген қасиеттері бар агробиологиялық объектілерді жасау үшін қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, биоинженерия мен молекулалық генетика алгоритмдерін қолдануға.
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерін байқау, сипаттау, сәйкестендіру және олардың физиологиялық-биохимиялық күйін зертханалық және далалық жағдайларда талдауға.
- геномдардың, ақуыздардың және басқа биологиялық ақпараттың құрылымы туралы халықаралық деректер базасынан (NCBI, Ensembl, UniProt) ақпаратты табуға және пайдалануға, геномдық ақпаратты талдаудың негізгі биоинформатикалық құралдарын меңгеруге.
- Агробиоинженерияда деректерді өңдеу, статистикалық талдау және есептеулерді автоматтандыру үшін Python және R тілдерінде бағдарламалау дағдыларын қолдануға.
- техникалық қауіпсіздік шаралары мен зертханалық регламенттерді ескере отырып, молекулалық-биологиялық, жасушалық және биотехнологиялық жұмыстарды жүргізуге.
- тірі жүйелерді зерттеуге және агрономиялық, селекциялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелерін биостатистикалық өңдеудің математикалық әдістерін қолдануға.
- нақты егіншілік, ГАЖ-технологиялары, дрондар мен цифрлық платформалардың құралдарын агроөнеркәсіптік кешенде өндірістік процестерді оңтайландыру үшін пайдалануға.
- Агробиоинженерия, ауылшаруашылық биотехнологиясы және сандық агрономия бойынша теориялық және эксперименттік зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізуге.