Инженер-орман патологы
Орман екпелері жөніндегі инженер
Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі инженер.
Орманды күзету және қорғау жөніндегі инженер
Инженер-орман патологы.
Орман шаруашылығы инженері
Орманшылық басшысы
ормандарды пайдалануды, қорғауды және көбейтуді қамтамассыз ету;
- орман пайдаланудың барлық түрлерін ұйымдастыру және орман шаруашылық өндірістің тиімділігін көтеру;
- популяция жағдайының ең маңызды биологиялық көрсеткіштерін анықтау, алынған мәліметтерді талтау негізінде зиянкестер популяциясының ары қарайғы дамуын болжау және жою шараларын жүргізудің орынды екені туралы сұрақтарды шешу;
- мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және басқа санаттағы жерлерде (ауыл шаруашылығы алқаптары, құмдар және басқалар) орман молықтыру және орман өсіру, сондай-ақ ормандардың түрлік құрамын жақсарту және олардың өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
мемлекеттік орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық тазарту іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру
Мемлекеттік орман шаруашылық мекемелері, ұлттық және табиғи парктер, қорықтар, орман құру мекемелері, көгалдандыру ұйымдары, орман питомниктері және т.б.
Орман шаруашылығының іс-шараларын басқару; орманды жанама пайдалану бойынша жұмыстардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру және ормандарды қорғауды қамтамасыз ету; мекеменің ауданында орман шаруашылық іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау; санитарлық-сауықтыру және жою жобаларын құру үшін орман патологиялық зерттеу ұйымдастыру; зиян организмдердің түрлік құрамын анықтау және зиян организмдердің ошағын есептеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
1. Бағалау құзыреттері:
– орман қоры, орман ресурстары және орман экожүйелерінің қазіргі жай-күйі туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бағалау;– орман орналастыру, орман таксациясы, орман мониторингі және мемлекеттік орман кадастрының материалдарын кәсіби қызметте пайдалану; – орман алқаптарының өнімділігін, тұрақтылығын, санитариялық жағдайын, табиғи жаңаруын және биоалуантүрлілігін бағалау;– орман өрттерінің, зиянкестер мен аурулардың таралу қаупін анықтау және олардың орман экожүйелеріне әсерін бағалау;
2. Конструктивті құзыреттер:
– орманды молықтыру, орман өсіру, орман тұқымдарын дайындау және орман питомниктерінде көшет материалдарын өсіру жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;– орман екпелерін, қорғаныштық орман белдеулерін және көгалдандыру объектілерін жобалау, ағаш-бұта түрлерін орман өсіру жағдайларына сәйкес таңдау;– басты мақсатта пайдалану кесулерін, күтіп-баптау, санитариялық және өзге де орман кесулерін ұйымдастыру және жүргізу;– ормандарды өрттен, заңсыз кесуден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі профилактикалық және орман шаруашылығы іс-шараларын әзірлеу;– орманды пайдалану, рекреациялық қызмет, аңшылық шаруашылығы және сүрексіз орман ресурстарын пайдалану үдерістерін тұрақты даму қағидаттарына сәйкес ұйымдастыру;– орман шаруашылығы жұмыстарында машиналар, механизмдер және заманауи технологияларды тиімді әрі қауіпсіз қолдану.
3. Ақпараттық-технологиялық құзыреттер :
– орман орналастыру және орман мониторингі барысында геоақпараттық жүйелерді, жаһандық навигациялық жүйелерді, қашықтан зондтау және ұшқышсыз ұшу аппараттарының деректерін пайдалану;– орман карталарын, таксациялық сипаттамаларды, орман қорын есепке алу құжаттарын және тақырыптық геодеректер базасын әзірлеу;– орман алқаптарының ауданы, құрамы, жасы, толықтығы, бонитеті, сүрек қоры және өсімі туралы деректерді цифрлық технологиялар арқылы өңдеу;– спутниктік суреттер негізінде орман жамылғысының өзгеруін, өрт ошақтарын, кесілген аумақтарды, орман зиянкестері мен ауруларының таралуын анықтау;– орман ресурстарын есепке алу, модельдеу, болжау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін арнайы бағдарламалық құралдарды қолдану.
Кәсіби функцияларды орындау, орман шаруашылығы саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру, орман екпелерін құру, ормандарды молықтыру, орман өсіру, орман мелиорациясы, орманды күтіп-баптау мақсатындағы кесулерді жүргізу және орман шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру дағдылары; геоақпараттық жүйелерді, Жерді қашықтан зондтау технологияларын және заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, ормандарды таксациялау мен түгендеуді, орман орналастыруды және орман ресурстарының мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден және өзге де орман заңнамасын бұзушылықтардан күзету, сондай-ақ зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және басқа да бейінді ұйымдардың өндірістік, жобалау-технологиялық, есептік, ағымдағы және жылдық есептілігін дайындау дағдылары.