«Smart AgroScience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 5-6 мамыр 2026 жыл

Құрметті жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті сіздерді 2026 жылғы 5-6 мамыр өтетін «Smart AgroScience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция материалдары 2026 жылдың 23 сәуіріне дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу формасы: онлайн және офлайн.
Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың және студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, оларды замануи аграрлық ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің индустриалдық-инновациялық дамуына әсер ету.
Конференцияға қатысу – бұл студент, магистрант, докторант және 40 жасқа дейінгі жас зерттеушілерге ғылыми жұмыстарды жариялаудың тамаша мүмкіндігі. Конференция барысында төмендегідей секциялардың жұмысы жоспарлануда: 1. Тұрақты ауыл шаруашылығы және экология 2. Ветеринария, зооинженерия және биотехнология 3. Су ресурстары және IT технологиялар 4. Орман шаруашылығы және жер ресурстары 5. АӨК-дегі инженерлік және тағам технологиялары 6. Аграрлық экономиканың инновациялық дамуы және цифрлық трансформациясы: экономика және құқық Конференция жинағында мақалаларды жариялау ТЕГІН. Толық ақпарат ақпараттық хатта көрсетілген.