KazNARU

Шорманова Маржан Муратовна

Шорманова Маржан Муратовнаның  «Асыл тұқымды бұқаларда TNP генетикалық варианттарын идентификациялау және спермийлердің ұрықтандырғыш қасиетін бағалау» тақырыбындағы 6D120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Зерттеу жұмыстары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық пәндер кафедрасында және Қазақ-Жапон инновациялық орталығына қарасты «Жасыл биотехнология және торшалық инженерия» зертханасында жүргізілген.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

Койбагаров Канат Уканович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;
Усенбеков Есенгали Сериковичбиология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;
Aleksandra Platt-Samoraj – ветеринария ғылымдарының докторы, Вармин-Мазур университетінің профессоры (Польша, Ольштын қ.)

Ресми рецензенттер

1) Джакупов Исатай Тусупович – ветеринария ғылымдарының докторы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры;
2) Чужебаева Гульжаган Джамбуловна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық-генетикалық зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Кемешов Жомарт Омирбекович ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі;
2. Мусаева Айжан Сейлхановна – биология ғылымдарының кандидаты, «Генетика және физиология институты»  РМК ШЖҚ генетика және цитогенетика зертханасының меңгерушісі;
3. Ульянова Татьяна Владимировна– PhD, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Сынау орталығы биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Қорғау 2025 жылғы 13 маусым сағат 14:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары;  8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник