Ажитаева Лаура Амантайқызы
Ажитаева Лаура Амантайқызының «Оңтүстік Қазақстан жағдайында жүзімнің жаңа сорттары мен гибрид түрлерін өсірудің шаруашылық-биологиялық негіздеу және бағалау» тақырыбындағы 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Казыбаева Сауле Жамбуловна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰАҒА академигі, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Басқарма Төрағасының ғылыми орынбасары (Қазақстан Республикасы).
2. EDGARDO GIORDANI – PhD доктор, «Флоренция университеті» өсімдік шаруашылығы, топырақтану және экология факультетінің профессоры (Флоренция қаласы, Италия Республикасы).
Ресми рецензенттер
1) Петров Валерий Семенович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, «Жүзім шаруашылығы» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Солтүстік Кавказдың бау-бақша, жүзім шаруашылығы және шарап жасау жөніндегі федералды ғылыми орталығы» Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (Федеральное государственное бюджетное научное учреждение «Северо-Кавказский федаральный научный центр садоводства, виноградарства, виноделия», ФГБНУ СКФНЦСВВ), (Ресей Федерациясы).
2) Копжасаров Бакыт Кенжекожаевич – биология ғылымдарының кандидаты, Өсімдіктерді кешенді қорғау бөлімінің бас ғылыми қызметкері, «Ж.Жиембаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, (Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Жумагулова Жангуль Боранкуловна – PhD доктор, «Биология» кафедрасының аға оқытушы, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, (Қазақстан Республикасы);
2. Axmedov Shuxrat Maxmutovish – PhD доктор, Жеміс-жидек пен жүзімді қайта өңдеу және сақтау бөлімінің меңгерушісі, «Академик М.Мирзаев атындағы бау-бақша, жүзім шаруашылығы және шарап жасау ғылыми-зерттеу институты», (Өзбекстан Республикасы);
3. Кузнецова Анна Павловна – биология ғылымдарының кандидаты, «Тәлімбақ шаруашылығы» зертханасының меңгеруші, «Солтүстік Кавказдың бау-бақша, жүзім шаруашылығы және шарап жасау жөніндегі федералды ғылыми орталығы», Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі.
Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн 2025 жылы 24 маусым, сағат 11.00-де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 –Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия; 8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы