KazNARU

Муслимова Жадыра Умирбеккызы

Муслимова Жадыра Умирбеккызының «Сиырларда желінсауға реззистенттілік ДНҚ маркерлері және оларды идентификация жасау» тақырыбындағы 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Зерттеу жұмыстары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық пәндер кафедрасында және Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Жасыл биотехнология және клеткалық инженерия» зертханасында жүргізілген.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Усенбеков Есенгали Серикович биология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;
2. Chandra Pareek - PhD, Николай Коперник университетінің биология және ветеринария факультетінің профессоры (Польша, Торун қ.).

Ресми рецензенттер

1) Кемешов Жомарт Омирбекович ветеринария ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі;
2) Душаева Лаура ЖанедиловнаPhD, «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ халықаралық ынтымақтастық бөлім жетекшісі, ветеринария және малшаруашылығы институтының қауымдастырылған профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Мухамадиева Нуржамал Нуроллиновна ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының доценті;
2. Чужебаева Гульжаган Джамбуловна ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық-генетикалық зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері;
3. Саттарова Рано Саитомаровнаветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС бактериология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

Қорғау 2025 жылғы 27 маусымында сағат 14:30-да Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты (8D1201008–Ветеринариялық медицина, 6D120200–Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101–Ветеринариялық медицина; 8D09102–Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник