Бейсенбаева Маусымжан Есболовна
Бейсенбаева Маусымжан Есболовнаның «Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақтарының суару және минералдық қоректену режимдерін оңтайландырудың майбұршақ өнімділігіне әсері» тақырыбындағы 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Жаппарова Айгул Абсултановна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры;
2. Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның Егіншілік және өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері;
3. Джура Карагич (Đura Karagić) – PhD докторы, Егіншілік және көкөніс шаруашылығы институтының Жемшөп дақылдары бөлімінің меңгерушісі (Нови Сад к. Сербия).
Ресми рецензенттер
1. Айтбаев Темиржан Еркасович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Басқарма төрағасы;
2. Сулейменов Бейбут Уалиханович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС-нің Агрохимия бөлімінің бас ғылыми қызметкері.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Оспанбаев Жумагали – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу университеті» ЖШС-нің Егіншілік зертханасының бас ғылыми қызметкері.
2. Танирбергенов Самат Исембайевич – PhD доктор, «Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС-нің Басқарма Төрайымының ғылым жөніндегі орынбасары.
3. Кунанбаев Кайрат Кайырбекович – биология ғылымдарының кандидаты, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Топырақ және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын талдау бөлімінің меңгерушісі.
Қорғау 2025 жылғы 12 қараша, сағат 15:00-де «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жанынан құрылған 8D081Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты (6D080800 - Топырақтану және агрохимия; 6D081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары; 8D08102 - Топырақтану және агрохимия; 8D08104 - Өсімдік қорғау және карантин білім беру бағдарламалары) диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі Диссертациялық кеңестің 2025 жылғы 30 қазандағы №9 хаттамасы негізінде 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғау 2025 жылғы 25 қарашада сағат 15:00-ға ауыстырылды.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/
2025 жылғы 24 қыркүйек №44-нқ «Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін және рецензенттерін тағайындау туралы» бұйрығының 1.2 тармағымен бекітілген диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі Танирбергенов С.И. орнына ҚР ҒжЖБМ Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 5-тармағына сәйкес а.-ш.ғ.к «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Топырақтану және агрохимия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нурманов Ербол Толешович болып 2025 жылғы 3 қазандағы №80-нқ бұйрыққа өзгерту енгізу бұйрығымен тағайындалды.
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек gulshariya.kairova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы