Сагынбаева Айнұр Бағдатқызы
Сагынбаева Айнұр Бағдатқызының 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған «Қазақстандағы қарағайлы ормандардың жай-күйі мен динамикасының өзгерістерін зерттеуде ГАЖ технологияларын және аэроғарыштық әдістерді қолдану («Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орындалды. Зерттеу барысында резервтаттың «Ақпараттық технологиялар мен байланыс», «Ғылым және экологиялық ағарту» бөлімдерімен ғылыми-тәжірибелік байланыс орнатылды. Сонымен қатар зрттеу жұмысы «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (Алматы қ.) жүргізілді. Кеңістіктік деректерді өңдеу мен талдау ESRI компаниясының ТМД елдері бойынша ресми дистрибьюторының қолдауымен ArcGIS бағдарламалық өнімдері негізінде іске асырылды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.
Ғылыми кеңесшілер
1. Мамбетов Булкаир Таскаирович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры.
2. Данчева Анастасия Васильевна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер
1) Елекешева Мира Манаровна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, h-индекс - 3.
2) Абжанов Талгат Сагидоллаевич - философия докторы (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Ландшафты дизайн» БББТ-ның жетекшісі.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Самарханов Канат Бауыржанович – география ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының аға оқытушысы;
2. Борисова Юлия Сергеевна – философия докторы (PhD), «Экосервис С» ЖШС, ғылым бөлімінің бас маманы;
3. Мухамадиев Нуржан Серикканулы – биология ғылымдарының кандидаты, «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Өсімдіктерді биологиялық қорғау» бөлімінің жетекшісі.
Қорғау 2025 жылғы 20 қараша күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы 8D083 Орман шаруашылығы және 8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты (8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Сайттың мекен-жайы: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kurmankul.abaeva@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.
Докторлық диссертацияны қорғауы