ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Дукенов Женис Серикович

Дукенов Женис Сериковичтің 8D08302 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған «Сырдария өзені жайылмасының тоғайлы ормандарын қалпына келтіруге бағытталған іс шараларды жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс, Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орындалды. Зерттеу нәтижелері Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылып, өндіріске енгізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Абаева Курманкуль Тулеутаевна – э.ғ.д., «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының профессоры.
2. Маленко Александр Анатольевич – а.ш.ғ.д., «Ботаника, жеміс-көкөніс және орман шаруашылығы» кафедрасының профессоры. Алтай мемлекеттік аграрлық университеті, Ресей Федерациясы. 

Ресми рецензенттер

1. Мухамадиев Нуржан Серикканулы – б.ғ.к, Өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің жетекшісі, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2. Абжанов Талгат Сагидоллаевич – философия докторы (PhD), «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Танабекова Гульжанат Бакытовна – философия докторы (PhD), ғалым хатшы, «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны;
2. Елекешева Мира МанаровнаАуыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ветеринария және агротехнология институтының доцент м.а., «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.
3. Ершибулов Азамат Кайратович – философия докторы (PhD), ғылыми қызметкер, «Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты» ЖШС.

Қорғау күні 18 ақпан 2026 жыл сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы 8D083 Орман шаруашылығы және 8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және офлайн форматта өтеді. Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09 Конференция идентификаторы: 869 7079 3489 Код доступа: 1234 Сайттың мекен-жайы: https://www.kaznaru.edu.kz/

 

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kurmankul.abaeva@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник