ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Абсатова Ботагоз Алиякбаровна

Абсатова Ботагоз Алиякбаровнаның «Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде өсірілген ескі жоңышқалықтың өнімділігін «жасыл технологияны» қолдану арқылы арттыру» тақырыбындағы 6D080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат
Диссертациялық жұмыс «Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы  – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Оразбаев Серік Ауелбековичауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті» КеАҚ. (Казахстан Республикасы, Алматы);
2. Svetla Yansheva (Янчева Светла) – PhD, Пловдив аграрлық университеті профессоры (Болгария Республикасы, Пловдив).

Ресми рецензенттер

1. Мейірман Ғалиолла Төлендіұлыауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Мал азықтық дақылдар зертханасының» меңгерушісі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
2. Кушенов Каныш Иманович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Насиев Бейбит Насиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университеті» КеАҚ;
2. Байдалин Марден Ерсаинович – PhD (агрономия) қауымдастырылған профессор, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ;
3. Тагаев Асанбай Мамадалиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мақта және бақша шаруашылығының ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС.

Қорғау аралас форматта онлайн және офлайн  2026  жылы 26 ақпанда, сағат 15.00–де Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 – Агрономия; 6D080900 – Жеміс–көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101–Агрономия; 8D08103–Жеміс– көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас форматта онлайн және офлайн өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник