ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Жәди Асхат Өмірзақұлы

Жәди Асхат Өмірзақұлының «Марқакөл көлінің су экожүйесінің қазіргі жағдайын бақылау мен бағалау және су ресурстарын экологиялық сақтау бойынша ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбындағы 8D08604 – «Су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында орындалған.
Қорғау түрі – мақалалар сериясы негізінде.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Жапаркулова Ермеккуль Дукеновна – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;
2. Мадибеков Азамат Сансызбаевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Алматы қ., Қазақстан;
3. Шеров Анвар Гуламович т.ғ.д., профессор, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты, Ұлттық зерттеу университетінің Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану кафедрасының меңгерушісі, , Ташкент қ., Өзбекстан.

Ресми рецензенттер

1) Серикбаева Акмарал Кабылбековна техника ғылымдарының кандидаты, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ., Қазақстан;
2) Казангапова Нургуль Буркитбаевна география ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «Орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (м.а.), Астана қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Аденова Динара Киызбаевна – PhD, У.М Ахмедсафин атындағы гидрогеология институты жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;
2. Курбаниязов Абилгазы Коптилеуович – география ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан;
3. Кедельбаев Бахытжан Шилмурзаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент қ., Қазақстан.

Қорғау 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D086 –  «Су ресурстары және суды пайдалану» кадрларды даярлау бағыты (6D080500 – Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы; 8D08603 – IT-технологияларын қолдана отырып су ресурстарын басқару; 8D08602 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау; 8D08604 – Су қауіпсіздігі) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас (онлайн және оффлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек ainura.aldiarova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник