ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Джантасова Айгерим Сериковна

Джантасова Айгерим Сериковнаның 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында Kale жапырақты қырыққабат дақылын (Brassica oleracea var. Sabellica) интродукциялау және зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс 2020–2023 жылдары Алматы қаласы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің инновациялық жылыжайында, және Алматы облысы, Қарасай ауданы, "Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" ЖШС "Қайнар" аймақтық филиалының, стационарлық егіс алқабында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Айтбаев Темиржан Еркасович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.
2. Djordje Moravčević – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Белград университетінің, «Егіншілік және көкөніс шаруашылығы» кафедрасының профессоры, Сербия.

Ресми рецензенттер

1) Косанов Самалбек Уразбаевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Қызылорда филиалының директоры «А. Бөкейхан атындағы ҚазҰАӨХҒЗИ» ЖШС.
2) Ерболова Лаура Сериккановна – PhD, Биотехнология және молекулалық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, «М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Ravza Mavlyanovaауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстандағы Көкөніс-бақша дақылдары және картоп ғылыми-зерттеу институтының генбанк зертханасының меңгерушісі.
2. Adilov Makhsud Mirvasitovich – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті;
3. Курмангалиева Нурбакыт Демесиновна ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, Өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімі, Орман мен жасыл желектерді қорғау зертханасы.

Қорғау 2026 жылы 25 маусым, сағат 11-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 –Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия;  8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас форматта онлайн және офлайн өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек kenzhe.yerzhanova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник