ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Әбирбекқызы Жарықжұлдыз

Әбирбекқызы Жарықжұлдыздың «Фитопрепараттарды бұзаулардың диспепсиясын емдеу үшін клиника-фармакологиялық және иммунологиялық негіздеу» тақырыбында 8D09101 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық жұмысын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық зерттеу жұмысы «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының «Фармацевтикалық технологиялар» оқу-ғылыми зертханасында, Республикалық ветеринариялық зертхананың Алматы филиалында, Польша Республикасының Ольштын қаласындағы Варминь-Мазур университетінің «Биохимия және иммунология» ғылыми зертханаларында, сондай-ақ университеттің «Жануарлар клиникасы» мен виварийінде жүргізілді. Зерттеудің жекелеген кезеңдері С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Дәрілік заттардың технологиясы» зертханасында орындалды. Ғылыми-өндірістік және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулер Алматы облысының Жамбыл, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарындағы жеке шаруа қожалықтарында жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы - аралас.
 

Ғылыми кеңесшілер

Ғылыми кеңесшілері:
Заманбеков Нуртлеу Акжолтаевич – ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті» КеАҚ Фармакология және жануарлар патологиясы кафедрасының профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі:
Sobiech Przemyslaw Hubert – PhD доктор, Вармин-Мазурск университетінің профессоры (Ольштын қ., Польша Республикасы).
 

Ресми рецензенттер

Ресми рецензенттер:
Есжанова Гульжан Турсуновна
– ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының қауымдастырылған профессоры.
Душаева Лаура Жанедиловна – PhD, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Ветеринария және агротехнология институтының қауымдастырылған профессоры. 

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Рыщанова Раушан Миранбаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры.
Билялов Ермекказы Ережепович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Ветеринария кафедрасының аға оқытушысы.
Молдаханов Ергали Сламидинович –  PhD,  «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының аға ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор.
 
Қорғау 2026 жылғы 4 – қараша сағат 16:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимараты, 84 аудиторияда аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
 
Zoom конференциясына қосылу:
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник