ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Ірі қара малды толыққұнды азықтандыру

Өткізу уақыты: 15.06.2025 10:06:00 - 30.10.2025 18:10:00

   Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Ветеринария және Зооинженерия" факультеті, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Калмагамбетов Мурат Байтугелович  2025 жылдың шілде және қазан айларында  Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Мамед» ШҚ; Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының, «Айдарбаев» ШҚ;  «Бакиров Ф.О.» ШҚ,  «Агора» ШҚ және Жетісу облысы, Ескельді ауданы, Қарабулақ ауылы, КТ «Хильниченко и К» шаруашылықтарында кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келді. Кеңес беру барысында шаруашылықтың сұранысы бойынша «Ірі қара малдың өнімділігіне селекциялық-асылдандыру жұмыстарының әсері», «Ірі қара малды толыққұнды азықтандыру», «Ірі қара малдың төлін күтіп-бағу, азықтандыру», «Табын алмастырушы тана-құнажынды күтіп-бағу ерекшеліктері», «Аналық малдың жыныстық және физиологиялық жетілуі, оларды ұрықтандыру»  тақырыптары бойынша кеңес-ұсыныстар беріп, кейбір шаруашылықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

     Кеңес беру барысында генетикалық әлеуетті жоғары қашарларды азықтандыруды, күтіп-бағуды және сұрыптауды дұрыс ұйымдастыру айтылды, өйткені болашақта сауылатын сиыр табынында ұрықтандыру мерзімі мен ұзақтылығы, олардың табындағы тұрақтылығы мен сүт өнімділігі осындай шарттарға байланысты болады. Зоотехникалық әдебиетте және тәжірибеде дене бітімін жіктеудің көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінде іс жүзінде кең қолданылатын жіктеудің екі түрі бар. Бұл екі жіктеуде малдың дене бітімін жай көзбене қарағанда анық көрінетін оның сырт пішіні мен кейбір физиологиялық касиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделген. Әрбір  тұқымның өзіне тән стандарты болады, оларды бағалағанда тұқымына және өніміне қарайды, әрбір малдың жасын тісіне қарап та анықтайды, ал тірілей салмағын дене өлшемі арқылы анықтауда т.б. тәсілдер қолданылады.  Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімдерді және асыл тұқымдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірибесі жоғары болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімін, азықтану жағдайын, азық қоректілігін және шаруашылыққа пайдалы белгілерін жан-жақты меңгеру тиіс.

1
1

1

2

2

3

3

4

4

5

5

6

6

7

7

---------Chatbot---------
виртуальный помощник