| Өткізу уақыты: | 01.08.2025 09:08:00 - 03.10.2025 09:10:00 |
2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларында Алматы және Жамбыл облыстарында жем өндірісі бағыты бойынша бірқатар кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру жұмыстарын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің PhD докторы, аға оқытушысы Жалелов Дулат Бейбітұлы жүзеге асырды. Іс-шаралар «Bal Halal» ЖШС, ИП «Джумабаев», КХ «Бейбит», ИП «Садығұл» және КХ «Жұмабай» шаруашылықтары базасында өткізілді.
Кеңес беру жұмыстары келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
«Жеңіл сіңірілетін құрама жемдерді өндірудің инновациялық тәсілдері»;
«ІҚМ төлдеріне арналған экструдталған мультизлақты жемдердің рецептурасын жетілдіру»;
«Мал шаруашылығы өнімділігін арттыруда заманауи экструдерлерді қолдану»;
«Экструзия технологиясы негізінде таза және пайдалы жем өндірудің технологиялық шешімдері»;
«Пробиотикалық қоспалары бар құрама жемдерді өндірудің инновациялық тәсілдері».
Кеңес беру барысында қатысушыларға жем өндірісінің заманауи технологиялары, экструзия әдісін қолдану принциптері, жемнің қоректік құндылығы мен сіңімділігін арттыру жолдары, өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыру әдістері және пробиотикалық қоспаларды пайдалану ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Әр шаруашылықта практикалық демонстрациялар жүргізіліп, экструзиялық жабдықтардың жұмыс принциптері көрсетілді: мысалы, ұнтақтау, қосымша ингредиенттерді енгізу, ылғалдық пен температура режимін бақылау, сонымен қатар дайын жемнің сапасын бағалау әдістері талқыланды. Қатысушылар өндіріс процесін оңтайландыру, энергияны үнемдеу және жем сапасын тұрақты қамтамасыз ету бойынша нақты практикалық кеңестер алды.
Кеңес беру нәтижесінде шаруашылықтарға жем өндірісінің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту, мал өнімділігін көтеру және экономикалық шығындарды азайту бағытында нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар қатысушылар алған білімдерін өз өндірісінде қолдана отырып, заманауи технологияларды енгізу мүмкіндігін бағалады.
Пробиотикалық қоспалары бар құрама жем жасаудың инновациялық тәсілдері
2
3
4