Жоба туралы
Жоба жетекшісі

Бәри Ғабит Төлегенұлы
PhD
Scopus Author ID: 56650735500
Researcher ID: ABA-2385-2020
ORCID: 0000-0003-1987-7315
Өзектілігі
Қазіргі уақытта табиғи каучуктың негізгі коммерциялық көзі бразилиялық гевея (Hevea brasiliensis) болып табылады. Гевеяның саңырауқұлақ патогендеріне бейімсіз болғандықтан, оның плантацияларын кеңейту қажет, бірақ оның өсіп-өну аймағы тропиктер. Сондықтан, табиғи каучуктың баламалы көздері қажет. Гевея климатқа бейімделмейтін Қазақстанда өсіру үшін ең жақсы түр ретінде кок-сагыз (Taraxacum kok-saghyz) бақбағы танылады, ол гевеядан кем емес жоғары сапалы каучугі бар қолайлы өсімдік болып табылады. Көк-сағыз — Тянь-Шань тау аралық аңғарларының эндемигі. Көк-сағызды дақылға енгізу үшін оның агрономиялық көрсеткіштерін жақсарту қажет: тез жетілу, тамыр массасының ұлғаюы және тамырлардағы каучук мөлшері. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа тез жету үшін кок-сағыздың өнімділігін арттыру қажет, бұл индукцияланған тетраплоидты өсімдіктерден жоғары өнімді формаларды іріктеу арқылы қол жеткізілуі мүмкін, бұл осы агрономиялық көрсеткіштерді жақсарту үшін перспективалы технология болып табылады.
Кок-сағыздың жоғары өнімді тетраплоидты түрлерін іріктеу жолымен алу бойынша ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасында алғаш рет жүргізілуде, ал әлемде жүргізілген зерттеулер бойынша осы өсімдіктің тетраплоидты сорттарын жасау бойынша жұмыстар жеткіліксіз. Осы жобада шешілетін мәселелер: ірі тамырлы және табиғи каучук мөлшері мен сапасы жоғары өнімді көк-сағыз формаларын, бұрын біз индукциялаған тетраплоид өсімдіктерінен іріктеу арқылы алу.
Зерттеулерді жүргізудің негізгі тәсілдері: тетраплоидты кок-сағыз өсімдіктерінің тұқымдарын егу, олардан тамыры ірі және табиғи каучук мөлшері жоғары формаларды іріктеу, каучук экстракциясы, тамырды кесу арқылы іріктелген формаларды вегетативті көбейту, өсімдіктердің көбейтілген жоғары өнімді формаларынан тұқым жинау, каучук синтезі бойынша гендерді жоғары технологиялық ПТР сандық талдау мен таңдалған формалардан табиғи каучук сапасын бағалау үшін полимерлену дәрежесі бойынша (Гель-өткізгіш хромотография) анализдерін жасау.
Мақсаты
Ірі тамырлы және табиғи каучук мөлшері мен сапасы жоғары өнімді өсімдіктерді көк-сағыздың тетраплоид линияларынан іріктеу
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Қазақстанда тұңғыш рет кок-сағыздың ірі тамырлы және табиғи каучуктің мөлшері мен сапасы жоғары өнімді тетраплоидты формалары алынады. Сонымен қатар, тұңғыш рет, тетраплоидты және диплоидты бақылау өсімдіктерінің ПТР сандық анализ жүргізілетін болады. Тұңғыш рет Thermomyces lanuginosus саңырауқұлағымен табиғи каучукті экстракциялау жүргізіледі. Нәтижесінде Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы бойынша алғашқы үш кварталдан немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore бойынша процентилі кемінде 50-ден кем емес журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Нәтижелердің практикалық маңызы кок-сағыздың жоғары өнімді тетраплоидты формаларын фермерлік шаруашылықтар мен өсімдік шаруашылығына енгізуде болады. Алынған жоғары өнімді тетраплоидты көк-сағыз формаларын Қазақстанда сынауға арналған сұрыптар тізіліміне беру зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсатты тұтынушылар фермерлік шаруашылықтар, сондай-ақ резеңке-техникалық және полимерлік бұйымдарды өндірушілер Қазақстанда және одан тыс жерлерде болады.
Ғылыми кеңесшілері
1.Утеулин Кайрат Ризабекович
б.ғ.д., қауым профессоры
Scopus Author ID: 6602865844
Researcher ID: L-3508-2018
ORCID: 0000-0002-5459-0902
2. Кулуев Булат Разяпович
б.ғ.д., профессор
Scopus Author ID: 23094029400
Researcher ID: N-3927-2016
ORCID: 0000-0002-1564-164X