

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы білім алушыларға университеттің электрондық қызметтерін өздігінен пайдаланып, қажетті ақпарат пен ресурстарға дербес қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама білім алушылардың белсенділігін арттырып, цифрлық ортада тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бұрыштың негізгі мақсаты – білім алушыларға әкімшілік және оқу үдерістерінде дербестік танытып, өз сұраныстарын тез әрі тиімді шешуге жағдай жасау. Сонымен қатар, бұл алаң білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, цифрлық мәдениетті дамытуға, университеттегі қызмет көрсету сапасын жетілдіруге үлес қосады.