Адылканова Ш. Р. — етті-майлы құйрықты қой шаруашылығы саласындағы жетекші ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Семей зооветеринарлық институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын зоотехник ретінде бастап, кейін Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мал шаруашылығы және селекция кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1998 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жұмыс істейді, қазіргі уақытта «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры. Күндізгі аспирантураны аяқтағаннан кейін (2000 ж.) осы кафедрада қазақтың құйрықты жартылай қылшық жүнді қой тұқымының (тұқымішілік «Байыс» типі) өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттерін жетілдіруге арналған кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал «Сарыарқа (тұқымішілік жанаарқа типі) және дегерес құйрықты қой тұқымдарын жетілдірудің селекциялық-генетикалық аспектілері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми зерттеулері құйрықты қойларды жетілдіруге, молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге, олардың ет өнімділігін арттыруға, сондай-ақ генетикалық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалануға бағытталған.
Көптеген жылдар бойы Адылканова Ш. Р. дегерес, сарыарқа және еділбай құйрықты қой тұқымдарын жетілдіруге арналған ғылыми жобалардың негізгі орындаушысы болып келеді. Бұл жобалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Білім және ғылым министрлігінің гранттары бойынша жүзеге асырылған.
Сондай-ақ ол «Құйрықты қой тұқымдарының генотипін болжауға арналған селекцияның заманауи әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы жобаның қосалқы жетекшісі болды. Ол дегерес құйрықты қой тұқымының жаңа тұқымішілік етті-майлы-жүнді типінің және сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының 2 жаңа зауыттық желісінің авторы болып табылады (ҚР Әділет министрлігінің №61, №601, №602 селекциялық жетістік патенттері).
Адылканова Ш. Р. «Қозы етін өндірудің инновациялық технологиялары» жобасының негізгі орындаушысы болып табылады, бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде ұсынылған.
Ғылыми қызметі барысында оның жетекшілігімен 13 магистрант және 3 PhD докторант дайындалды. Адылканова Ш. Р. — селекция саласындағы көрнекті ғалым, етті-майлы құйрықты қой тұқымдарын қалыптастыруға үлкен үлес қосқан тұлға.
Оқу орны: СЗВИ (Семей зооветеринарлық институты)
Мамандығы: Зоотехния
Бітірген жылы: 1987 ж.
Біліктілігі: Зооинженер
Республикалық жобалар:
1.Құйрықты қой тұқымдарының генотипін болжауға арналған селекцияның заманауи әдістерін әзірлеу
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы, 2018–2020 жж.
Жетекші: Садыкулов Т.С., қосалқы жетекші: Адылканова Ш.Р.
2.Дегерес және сарыарқа (тұқымішілік жанаарқа типі) құйрықты қой тұқымдарын жетілдірудің селекциялық-генетикалық аспектілері
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы, 2018–2020 жж.
Жетекші: Садыкулов Т.С.
Халықаралық жобалар:
3.Қазақстан мен Түркияның кейбір жергілікті қой тұқымдарындағы BMP15 және GDF9 гендерінің полиморфизмі мен филогенетикалық туыстығын зерттеу
Түркия жағынан ғылыми жетекші – Корай Кырыкчи, Қазақстан жағынан – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Адылканова Ш.Р.
DOI: https://doi.org/10.37884/2-2023/06
Мақалаға сілтеме
DOI: https://doi.org/10.37884/4-2023/04
Мақалаға сілтеме
DOI: https://doi.org/10.37884/4-2023/04
Мақалаға сілтеме
DOI: https://doi.org/10.37884/3-103-2024
Мақалаға сілтеме
DOI: https://doi.org/10.37884/2-2025/08
DOI: https://doi.org/10.37884/3-2025/06
Сілтеме: https://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_2281/index.htm
2. Г.Л. Ким, Ш.Р. Адылканова, А.М. Койшибаев, Т. Садықұлов – Жануарларды өсіру және селекциялау бойынша практикум. ҚазҰАУ. Алматы: Айтұмар, 2020 ж., 110 бет.: 194 Мб.
Сілтеме: https://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_1115/index.html
Веб-сайт: www.qazpatent.kz | Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми сайты
Веб-сайт: www.qazpatent.kz | Ұлттық зияткерлік меншік институтының ресми сайт
Сілтеме: https://kaznaru.edu.kz/sciences/conferences
4.Мұқанова Л., Адылканова Ш.Р., Садықұлов Т.С. – Әртүрлі генотипті құйрықты қойлардың жас малдарының биологиялық ерекшеліктері // «Жас ғалымдардың диалогы: Science Talks» ІІІ Халықаралық форумының материалдар жинағы, 2023 ж., беттер 391–394.
Бакалавриат:
Ветеринарлық генетика
Мал шаруашылығы жіне азықтандыру
Ғылыми зерттеу негіздері
Мал шаруашылығындағы ғылыми зерттеу негіздері
Магистратура (бар болған жағдайда):
Мал шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды басқару
Мал шаруашылығында ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Докторантура:
Ғылыми зерттеу әдістері
Асыл тұқымдық қасиеттерді бағалаудың генетикалық әдістері
CAAAE аккредитация сарапшысының сертификаты №2024СЕ 0064 (Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының аккредитация сарапшысы) 2024
NASEC – «Білімге негізделген агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру» форумына қатысқаны үшін сертификат 2023
«Maxinum Consulting Group» ЖШС – «Оқытушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» курсы 2024
№000615 сертификат – «Педагогика және оқыту әдістемесі» 2024
№001503 сертификат – «IT құзыреттілігі және “Мал шаруашылығы” даярлау бағыты бойынша оқыту әдістемесі саласында» 2024
№00101 «Геномндык селекциясы» 2023
Dr. Корай Кырыкчи Ахи Евран университет.
ORCID: https:// https://orcid.org/0000-0001-8087-141X
Бірлескен жарияланымдар, жобалар