1989 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. 1994 жылы аталған жоғары оқу орнын тәмамдап, заңгер біліктілігін алдым.
Кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметім жоғары заң білімін беру, азаматтық және азаматтық процестік құқықтың өзекті мәселелерін зерттеу, сондай-ақ құқықтық институттарды жетілдіру бағыттарымен байланысты.
Ғылыми қызығушылықтарым азаматтық сот ісін жүргізу, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығы, отбасылық-құқықтық қатынастар, алименттік міндеттемелер, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қамтиды.
Ғылыми-зерттеу қызметімде медиация институтының дамуына, бітімгершілік келісімдердің құқықтық табиғатына, азаматтық және атқарушылық іс жүргізудің ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударамын.
2023–2025 жылдары зерттеу нәтижелерім отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда, ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарияланды. Еңбектерімде азаматтық процесте аудармашының қатысуын құқықтық реттеу, кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу міндеттері, кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің шектері және сот ісін жүргізудің заманауи мәселелері қарастырылған.
Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті «Құқықтану» кафедрасында доцент қызметін атқарамын. Сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Құқық» кафедрасында аға оқытушы ретінде қосымша ғылыми-педагогикалық қызмет атқарамын.
1989–1994 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Біліктілігі — заңгер.
Ғылыми-зерттеу қызметім азаматтық және азаматтық процестік құқық, отбасылық құқық, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығы, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу және дауларды шешудің баламалы тәсілдері мәселелеріне бағытталған.
Ғылыми еңбектерімде алименттік міндеттемелер, медиация, бітімгершілік келісімдер, атқарушылық іс жүргізу, жеке тұлғалардың банкроттығы және азаматтық сот ісін жүргізудің процестік ерекшеліктері қарастырылады.
Анкетада көрсетілген ғылыми нәтижелер:
-
Ұсынылатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар — 3.
-
Рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар — 6.
-
Халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы баяндамалар және тезистер — 30.
Негізгі ғылыми жарияланымдар:
-
«Азаматтық процеске аудармашыны қатыстыруды құқықтық реттеудің кейбір мәселелері». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Заң сериясы, № 3 (107), 2023 ж., 51–59-беттер. DOI: 10.26577/japj.2023.v107.i3.07.
-
«Атқару өндірісіндегі татуласу келісімінің құқықтық мәні». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 1 (71), 2023 ж., 47–55-беттер.
-
«Жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды реттеудің өзекті мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 2 (72), 2023 ж., 46–51-беттер.
-
«Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін жетілдіру мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 3 (73), 2023 ж., 62–66-беттер.
-
«Дауларды шешудің балама әдістерінің түсінігі мен ерекшеліктері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 3 (73), 2023 ж., 67–71-беттер.
-
«Алиментті сот тәртібімен өндіріп алудың ерекшеліктері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 4 (74), 2023 ж., 63–70-беттер.
-
«Алимент туралы келісімнің құқықтық сипаты». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 1 (75), 2024 ж., 40–50-беттер.
-
«Мемлекеттік заем шартының құқықтық сипаты». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Юриспруденция сериясы, № 1 (79), 2025 ж., 85–90-беттер.
-
«Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің еркіндігінің шегін айқындау мәселелері». Endless Light in Science, № 2, 2025 ж., 114–119-беттер.
-
«Шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау». Endless Light in Science, № 2, 2025 ж., 119–124-беттер.
-
«Жеке тұлғалардың банкроттығы – Қазақстан құқығының жаңа институты». 9th International Scientific Conference «Interdisciplinary Science Studies», Дублин, Ирландия, 8–9 мамыр 2025 ж., 233–240-беттер.
-
«Сот арқылы қорғалу құқығы – азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің негізі ретінде». 9th International Scientific Conference «Interdisciplinary Science Studies», Дублин, Ирландия, 8–9 мамыр 2025 ж., 245–249-беттер.
-
«Дауларды шешудің балама тәсілдері жүйесіндегі медиацияның түсінігі мен жалпы сипаттамасы». «Құқық ғылымы мен білім берудің қазіргі мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Q University, Алматы, 14 сәуір 2025 ж., 157–161-беттер.
-
«Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты қараудың және шешудің процестік тәртібі». «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының заманауи мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Алматы, 18 сәуір 2025 ж., 243–255-беттер.
-
«Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру институтының мәні және маңызы». Осы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, 18 сәуір 2025 ж., 270–281-беттер.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық, азаматтық процестік және еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер»
Біліктілікті арттыру курсы, 72 академиялық сағат.
Ұйымдастырушы: «Omarion Education» білім беру орталығы, Алматы қаласы.
Оқу мерзімі: 2023 жылғы 9–30 қаңтар.
Сертификат берілген күні: 30.01.2023 ж. Тіркеу № 3.
2. «Азаматтық істерді тергеу процесін цифрландыру»
Біліктілікті арттыру курсы, 72 академиялық сағат.
Ұйымдастырушы: «Omarion Education» білім беру орталығы, Алматы қаласы.
Оқу мерзімі: 2023 жылғы 6–27 сәуір.
Сертификат берілген күні: 27.04.2023 ж. Тіркеу № 10.
3. «Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді құқықтық реттеу»
Біліктілікті арттыру семинар-тренингі, 72 академиялық сағат.
Ұйымдастырушы: «AL'KA» оқу орталығы, Алматы қаласы.
Сертификат берілген күні: 30.10.2026 ж. Тіркеу № 050.