ҚазҰАЗУ

19 наурызда 8D087 Агроинженерия бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2024 жылғы 19 наурызда сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D087 Агроинженерия (6D080600 – Аграрлық техника және технология, 6D081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандықтары; 8D08701 –  Аграрлық техника және технология, 8D08702 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Ниязбаев Адильхан Кизатоллиновичтің ««Жабындаушы үлдір мен тамшылатып суарушы иілгіш таспаларды жинау тәсілін негіздеу және құрылғысын жасау» тақырыбындағы 6D080600 – «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау өтті.

8D087 Агроинженерия кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №4 хаттамасы негізінде Ниязбаев Адильхан Кизатоллиновичке философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.

Басқа жаңалықтар

news card image
Жаңалықтар

Алматыда ветеринариялық білім беруді үйлестіру және «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасын интеграциялау жөніндегі аймақтық семинар басталды 2025 жылғы 14–16 қазан аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (WOAH, ВОЗЖ) «Ветеринариялық білім беруді үйлестіру: түлектердің (Day-1 graduates) ВОЗЖ құзыреттеріне сәйкестігі және ветеринариялық оқу бағдарламаларына “Біртұтас денсаулық” тұжырымдамасын енгізу» тақырыбындағы аймақтық семинары өтіп жатыр. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ВОЗЖ), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU). Семинарға халықаралық және ұлттық құрылымдардың өкілдері қатысты, олардың арасында: — Аманғали Бердалин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі; — Тасқын Қызайбаев, ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, ВОЗЖ делегаты; — Примқұл Ибрагимов, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) басқарма төрағасының бірінші орынбасары – ректор; — доктор Б. Сумаре, ВОЗЖ бас директорының орынбасары; — доктор М. Тайтұбаев, ВОЗЖ-дың Орталық Азиядағы өкілі. KazNARU атынан семинарға «Ветеринария және биотехнология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Университет «Ветеринариялық білім беруді қайта қарастыру: ветеринария мамандығы бойынша инклюзивті және тиімді оқу бағдарламасына арналған студенттердің идеялары» тақырыбында студенттік постер көрмесін ұсынды. Семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Грузия, Беларусь және Ресей сияқты 10 елдің өкілдері қатысуда. Қатысушылар қатарында ветеринариялық қызметтердің өкілдері, университет ректорлары мен декандары, сондай-ақ ВОЗЖ және EAEVE сарапшылары бар. ВОЗЖ сарапшылары — доктор В. Шарандак, доктор Д. Морозов, доктор М. Тайтұбаев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері ветеринариялық білім беруді реформалау тәжірибесімен бөлісті. **Ынтымақтастық және тәжірибе алмасу** Семинар бағдарламасында үздік тәжірибелерді талқылау, құзыреттерді талдау бойынша топтық жаттығулар, сондай-ақ қатысушылардың KazNARU университетіне баруы қарастырылған. Ерекше назар үздіксіз кәсіби даму (CPD) мәселелеріне және ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттырудағы университеттердің рөліне аударылды. Сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасын енгізу мәселесіне баса назар аударылды. Бұл тұжырымдама адамдардың, жануарлардың және қоршаған ортаның саулығын қамтамасыз ету үшін ветеринария, медицина және экология саласы мамандарының күш-жігерін біріктіреді. Аталған тақырып бойынша ВОЗЖ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері баяндама жасады. Олардың арасында Қазақстандағы ДДСҰ өкілі Абзал Жамагалиұлы және KazNARU университетінің өкілдері бар, олар «Біртұтас денсаулық» қағидаттарын оқу жоспарларына енгізу тәжірибесін ұсынды. Семинардың негізгі мақсаты – өңірдегі ветеринариялық жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істей алатын кадрларды даярлау. Іс-шараның басты міндеті – оқу бағдарламаларын ВОЗЖ-дың «Day-1 graduates» құзыреттерімен сәйкестендіру және адамдардың, жануарлардың және экожүйенің саулығын біріктіретін пәнаралық «Біртұтас денсаулық» тәсілін интеграциялау. Бірінші күннің қорытындысы бойынша қатысушылар ветеринариялық кадрларды даярлау саласындағы өңірлік басымдықтарды, оқу бағдарламаларын жаңғырту жолдарын және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Семинар 16 қазанға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында шеберлік сыныптар, пікірталас алаңдары және ВОЗЖ-дың жаһандық білім беру бастамаларын енгізу тәжірибесімен алмасу жоспарланған.

14 Қазан
Толығырақ
---------Chatbot---------
виртуальный помощник