KazNARU

Жақсылық жасап жарысайық!!!

«Су, жер және орман ресустары» факультеті, «Жер ресустары және кадастр» кафедасының қауымдастырылған профессоры Омарбекова Ардақтың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық күні» рамазан айына тұспа тұс келіп тұрған соң, «Кадастр» және «Жерге орналастыру» 4  курс  кураторлық тобымен мұқтаж жандарға азық-түлік апарып бердік. 

Біздің мақсаттымыз адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Жақсылық жасау үшін сіз міндетті түрде бай, ақшасы көп адам болуыңыз қажет емес. Бастысы, сіздің тілек- ниетіңізде деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз.

Жастарға берер тәрбиеміз жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға баулу басты мақсатқа айналып келеді. Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Олай болса, жақсылық жасап жарысайық, ағайын!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник