KazNARU

29 тамызда 8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті

2024 жылғы 29 тамызда сағат 14:30 және 16:30 -де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 - Агрономия; 6D080900 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 - Агрономия; 8D08103 - Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Жайлибаева Ляззат Асылбековнаның «Қазақстанның оңтүстік-шығысында келешегі мол ремонтантты таңқурай сорттарының биологиялық ерекшелігі және өнімділігі» тақырыбындағы 6D080900 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығы және Идрисова Алтынай Бейбитовнаның «Қазақстанның оңтүстік-шығысында ашық және қорғалған топырақта жапырақты көкөніс дақылдарын конвейерлік өсіру технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияларының қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №11, 12 хаттамалары негізінде Жайлибаева Ляззат Асылбековнаға және Идрисова Алтынай Бейбитовнаға философия докторлары (PhD) дәрежелерін беру қаулы етілді.

​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник