KazNARU

KazNARU ҚЫТАЙ ҒАЛЫМДАРЫМЕН БІРЛЕСІП ҒАЛЫМДАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОРТАҚ КҮШПЕН ЗЕРТТЕЙДІ

✅2024 ж. 28 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Қытай ауылшаруашылығы ғылымдары Академиясы Ланджоу ғылыми-зерттеу ветеринария институты (ЛҒЗВИ) директоры PhD, профессор Чжэн Хайсюэ (Zheng Haixue) бастаған делегация келді.

✅Делегация құрамында ҚХР Ганьсу провинциясы ғылым және технология бөлімі жетістіктерді беру бөлімінің директоры Янь Юйфэн (Yan Yufeng) және ЛҒЗВИ жануарлардың жұқпалы ауруларын зерттеу бөлімдерінің басшылары болды.

✅KazNARU Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы сөз сөйлеп, университеттің бүгінгі тынысымен таныстырды.

✅Алдағы уақытта екі ұжымның арасында бірлескен гранттық жобалар орындалады. Сонымен қатар, магистрлер мен PhD докторларын дайындау жоспары алға қойылды. ЛҒЗВИ директоры Чжэн Хайсюэ де бұл ұсыныстарды қолдап, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары аусыл, шошқа тұмауы, бруцеллез, ұсақ күйістілердің обасы және т.б. аурулардың арнайы күрес шараларын бірлесіп шешуді және осы аталған аурулар бойынша екі жақты гранттық қаржыландыру жобаларын жасауды ұсынды.

✅Кездесу нәтижесінде трансшекаралық аурулармен күресу, кадр дайындау, ветеринария саласындағы диагностикумдар мен вакциналарды бірлесіп жасау жолдары қарастырылды. Әрі тараптар ғылымдағы күрделі мәселелерді ортақ күшпен зерттеуге, кімде қандай қиындықтар бар, соларды жұмыла жүйелеуге, нәтижелі шешімін табуға келісті.

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қытай ауылшаруашылығы ғылымдары Академиясы Ланджоу ғылыми-зерттеу ветеринария институты арасында меморандумға қол қойылды.

✅Делегация KazNARU Қазақ-Жапон инновациялық орталығын, Ветеринария және зооинженерия факультетіне қарасты барлық оқу-зерттеу зертханаларының жұмысымен, дәріс, зертханалық сабақтар өтетін орындармен танысып, өз ризашылықтарын білдірді.

✅Студенттер мен магистранттарды ЛҒЗВИ-нда тағылымдамадан өтуге шақырды.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник