KazNARU
Орман ресурстары және орманшаруашылығы

Білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік, жергілікті, аумақтық, шет елдік мекемелері үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті орман шаруашылығы саласының мамандарын даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

Түлек кәсіби қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:

- Бас орманшы

-Бас орманшы (орман шаруашылығының бас инженері)

- Орман питомнигінің бастығы

-Орман шаруашылығындағы басшы (басқарушы, меңгеруші)

Кәсіби қызмет саласы

Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, орман орналастыру және көгалдандыру кәсіпорындары, жобалау-іздестіру институттары, орман тұқымы станциялары, орман питомниктері, орман инспекциясының облыстық басқармалары, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттері, Республиканың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мекемелері.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

Жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық құрылымдардағы басқару қызметі, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, орман орналастыру және көгалдандыру кәсіпорындары, жобалау-іздестіру институттары, орман тұқымы станциялары, орман питомниктері, орман инспекциясының облыстық басқармалары, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттері, Республиканың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мекемелері.

Кәсіби қызмет функциялары

7М08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы білім беру бағдарламасы 2 (екі) білім беру траекториясын қамтиды:

№1. "Қорғаныштық орман өсіру" мамандығы бойынша магистрдің кәсіби қызметі:

Магистранттар қорғаныш сипаттағы тұрақты орман екпелерін құру негіздерін, орман заңнамасының негізгі ережелерін, орман ресурстарын пайдалану проблемаларын, экологиялық туризмді ұйымдастыруды, ормандарды есепке алудың инновациялық әдістерін, орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды зерделейді.

№2." Орман ресурстарын басқару»

Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:

Магистранттар Қазақстанның флорасы мен фаунасын ұтымды пайдалану мәселелерін, Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қызметін, кластерлік орман өндірісін, орман жобаларын басқаруды, жабайы жануарларды интродукциялаудың теориялық және практикалық аспектілерін, орман пайдаланудың экономикалық мәселелерін зерделейді.

Кәсіби қызмет түрлері

7М083 даярлау бағытының магистрлері: Орман шаруашылығы мынадай кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

ғылыми-зерттеу, есептеу-талдау, жобалау және әкімшілік-басқару, жоспарлау-ұйымдастыру, өндірістік-технологиялық, есептеу-техникалық, жобалау-іздестіру және әкімшілік-басқару.

Дағды қалыптастыру

- мәселелерді талдау және шешім қабылдау;

- мемлекеттік тілде құжаттаманы жүргізу, ДК көмегімен белгіленген ережелерге сәйкес құжаттарды ресімдеу;

- білімі мен дағдыларын өмір бойы жаңартып отыру.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

БББ 7М08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы.pdf

3534.6 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник