KazNARU
Аквакультура және судың биологиялық биоресурстары

Аквакультурада, жасанды балық өсіру және су биологиялық ресурстары саласында жоғары сапалы деңгейде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі

- Инженер балық өсіруші;

- Ихтиолог;

- Балық ресурстарын қорғау инспекторы;

- Балық өсіруші шаруашылықтың бас маман;

- Гидротехник;

- Ихтиопатолог;

- Балық шаруашылының жетекшісі;

- Инженер гидробиологы;

- Инженер-гидрохимик.

Кәсіби қызмет саласы

Биологиялық ресурстардың қорларын, гидробионттар популяциясының биологиялық параметрлерін, су экожүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін айқындау; балықтардың, жемдік және тағамдық омыртқасыздардың, балдырлардың жасанды өсімін молайту және тауарлық өсіру; су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдаланумен және қорғаумен, олардың мекендеу ортасын қоса алғанда, гидробионттарды жасанды молайтумен және тауарлы өсірумен, балық аулау және аквакультура өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын ғылым.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

- Балық шаруашылықтары, түрлі балық шаруашылығында (шарбақты тоған, бассейн, көл-тауар, қайта өңдеу, аквариум) асылдандыру жұмыстары;

- табиғат қорғау ұйымдарында ихтиофаунаның биоалуантүрлілігін сақтау;

- түрлі балық аулау ұйымдары, балық аулауды басқару.

Кәсіби қызмет функциялары

- Ғылыми-зерттеу (балық өсіру-биологиялық көрсеткіштерін, аквакультура объектілерінің физиологиялық және ихтиопатологиялық жай-күйін және оларды өсіру жағдайларын бағалау; гидробионттар мен су экожүйелері таралымдарының негізгі биологиялық параметрлерін, бекітілген әдістемелерге сәйкес жеке бөлімдер (кезеңдер, процестер) бойынша су айдындарының экологиялық жай-күйін бағалау; су ортасының, кәсіпшілік және аквакультура объектілерінің параметрлеріне мониторинг жүргізу);

-гидробионттарды өндірістік балық аулау;

- селекциялық-асылдандыру жұмыстарын; 

- балық шаруашылығы су айдындарын мелиорациялау;

- уылдырық шашатын жерлерді сақтау және шабақтарды құтқару;

- бағалы кәсіпшілік және сирек кездесетін балық түрлерін сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

- әртүрлі су организмдерінің практикалық маңыздылығын анықтау;

- тауарлы балық өсіру шаруашылықтары мен балық питомниктерінің қызметіне басшылық ету, балық ресурстарын аулау мен сақтау және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін қорғау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

- балық өсіру шаруашылықтарын жобалау, балық қорғау құрылғылары мен құрылыстарын әзірлеу, жемшөп базасын есептеу;

- гидробионттардың жерсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- балық қорын бағалау және су айдындарының биологиялық өнімділігін анықтау;

-балық шаруашылығын қалпына келтіру, балық өсіру процестерін қарқындату.

Кәсіби қызмет түрлері

1.Бағалау :

- табиғатты тиімді пайдаланудың экологиялық принциптері, экономикалық талдау және шешім қабылдау әдістері туралы;

- табиғи биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалануды қорғау және бақылау жөніндегі жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жоспарлау, тікелей жүзеге асыру;

- балық қорын бағалау әдістері, су қоймаларын бағалау.

2. Құрылымдық:

- өндірістік, ғылыми-зерттеу және оқытушылық жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;

- табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеудің заманауи әдістерін қолдану;

- бағынысты қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру, жұмыс процесін бақылау және оның нәтижелерін объективті бағалау, басшылықтың тапсырмаларын орындау үшін жауапкершілікті сезіну;

-  жұмысты қолжетімді түрде ұсыну.

3. Ақпараттық-технологиялық:

-  Қазақстанның ішкі су айдындарында балық және басқа да су биоресурстарының жай-күйін зерттеу, мониторингілеу, қорғау және кәсіпшілігі;

- әр түрлі жағдайларда тиімді шешім қабылдауға қабілетті болу;

- су биологиялық объектілерін таксономиялық анықтау, гидробионттардың сандық және сапалық есебі, балықтардың биологиялық және морфологиялық сипаттамасы;

-  су экожүйелерінің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары.

Дағды қалыптастыру

-Жаңа өзгермелі жағдайларға бейімделе отырып, икемді ойлау және жұмыс істеу қабілеті;

- бақылау және, мүмкін болған жағдайда, кернеу мен стрессті болдырмау, сондай-ақ орындаушылық қызметпен байланысты физиологиялық қажеттіліктерді басқару қабілеті;

- өзін-өзі тану және өзін-өзі басқару;

- өзінің эмоционалдық түсінігін, жағдайын.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

План развития Аквакультура 2024-2028гг КАЗ.pdf

1519.635 KB

БББ 6В08402 - Аквакультура және судың биологиялық ресурстары.pdf

4388.25 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник