KazNARU
Кадастр

Жоғары білікті мамандарды даярлау, үшін мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жер құнын есепке алу бойынша кәсіби дағдыларға ие.

back blur blue element back blur blue element
Біліктілік пен лауазымдар тізбесі
  • кадастр жөніндегі инженер,
  • геодезист,
  • картограф,
  • кадастрлық есепке алу жөніндегі инженер,
  • жер ресурстарын басқару комитеті жүйесінің кәсіпорындарындағы,

          ұйымдары мен мекемелеріндегі инспектор

Кәсіби қызмет саласы

Жер-кадастрлық және жер және жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау жөніндегі жұмыстарды, жерге орналастыру, геодезиялық және кадастрлық жұмыстарды, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды, іздестіру және зерттеу жұмыстарын басқару және ұйымдастыру; жерді тіркеу және есепке алу, жер учаскелерін бөлу және құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдеу, барлық санаттағы жерлердің мониторингін жүзеге асыру, жер және жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізу.

Кәсіби қызмет саласы мен объектісі

 

"Азаматтарға арналған үкімет» «МК» КЕАҚ;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті;

- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Қала құрылысы кадастры» РМК;

- «Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ;

- «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ;

- «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;

- Бағалау және риэлторлық компаниялар;

- Қаланы (ауданды) дамытудың бас жоспары);

- Екінші деңгейлі банктердегі бағалау бөлімдері;

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және т. б.

Кәсіби қызмет функциялары

«Жердің геодезиялық және топографиялық түсірілімдері; ГАЖ және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, фотограмметриялық жұмыстар және жерді картографиялау; мемлекеттік жер кадастрын және МЖК ААЖ жүргізу; жерді пайдалану мен қорғауға мониторинг, мемлекеттік бақылау жүргізу; жер-бағалау жұмыстарын жүргізу.

Кәсіби қызмет түрлері

1. Бағалау:

геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мониторингтік және басқа да іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізу процестерін басқару және ұйымдастыру.

2. Конструктивтік:

геодезиялық, топографиялық түсірулерді ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлы-картографиялық материалды түзету, жерді тіркеу және есепке алу, жер учаскелерін бөлу және құқықты куәландыратын құжаттарды ресімдеу, ауыл шаруашылығы жерлері мен елді мекендердің жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу, барлық санаттағы жерлердің мониторингін жүзеге асыру, жер және жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізу.

3. Ақпараттық-технологиялық:

жер баланстарын, жер-кадастрлық құжаттар мен карталарды, жерді мелиорациялау және жақсарту жобаларын жасау; жер кадастры, жер мониторингі, жерді бағалау бойынша ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді жүргізу.и-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету.

Дағды қалыптастыру

Кадастр, жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жер мониторингі, жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу; жерді пайдалану, жер дауларын шешу мәселелері бойынша әр түрлі жағдайларда білімді тиімді пайдалану; жер-кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін орындау.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспары

БББ 6B07308 - Кадастр.pdf

3748.777 KB
---------Chatbot---------
виртуальный помощник