Қабылдау ережесі / Жалпы конкурс
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша , "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" білім беру бағыты бойынша кемінде 50 балл, "Ветеринария" бағыты бойынша кемінде 50 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар жіберіледі;
Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 3 балл жинау қажет.
Қабылдау ережесі / Қысқартылған оқу мерзімі үшін
Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әр пәні бойынша 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Университетке "орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар талапкерлерді қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы оқуға қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Қабылдау ережесі / Шартты түрде оқуға түсушілер үшін
ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациялары сәйкес келмеген, ҰБТ-ның нәтижелері жойылған талапкерлер университетке күндізгі оқуға ақылы негізде қабылдана алады. Аталған тұлғалар университеттегі бірінші оқу жылы аяқталғанға дейін ҰБТ-ны өткізу қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде қайта тапсырады.
Тапсырылатын ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балды қайта жинай алмағандар 1 (бірінші) оқу жылы аяқталғаннан кейін университеттен шығарылады.
Қабылдау ережесі / Шетел азаматтары үшін
Шетелдік азаматтарды ақылы негізде қабылдау Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.