ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚазҰАЗУ-да “English Talent Show” байқауы өтті

ҚазҰАЗУ-да “English Talent Show” байқауы өтті

 

2025 жылдың 28 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) студенттердің ағылшын тіліндегі шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған “English Talent Show” байқауы өтті. Іс-шараны Жалпы білім беру пәндері кафедрасы мен Тәрбие жөніндегі департамент ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – көптілді білім беру ортасын нығайту, студенттердің ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық әлеуетін қолдау. Қатысушылар ән айту, поэзия оқу, драмалық қойылым, сахналық көріністер мен түрлі өнер бағыттары арқылы өз таланттарын көрсетті.

Іс-шараға «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, педагогикалық ғылымдар кандидаты, шет тілі пәнінің аға оқытушысы Сиргебаева Сандугаш Тулебаевна, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және факультеттерден іріктелген дарынды студенттер қатысты. 

Кештің айшықты тұстарының бірі – қатысушылардың ағылшын тілінде орындаған шығармашылық нөмірлері болды. Ән, поэзия, сахналық қойылымдар мен импровизациялық өнер көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар іс-шара барысында арнайы әзірленген ағылшын тіліндегі викториналар ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен студенттерге марапаттар табысталды. Университет басшылығы өнерлі әрі белсенді қатысушыларға арнайы кітаптар мен мадақтамаларды ұсынды. Бұл сыйлықтар студенттерді шығармашылыққа ынталандырып, олардың ағылшын тіліндегі коммуникативтік және тілдік дағдыларын дамытуға қосымша серпін берді.

Кеш соңында ағылшын тіліндегі музыкалық және би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынылып, көрермендерге жарқын эмоция мен мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник