Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе басқа ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру. Сонымен қатар бұл интеллектуалдық алға ілгерілеу мен білім беруде мәдени және ғылыми ақпарат, қор, технологиялық тәжірибе алмасудан тұратын күрделі әрі көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Бакалавриаттың 2-3 курсында, 5 жыл оқитын мамандықтар үшін – 3-4 курста, магистратураның 1 курсында оқу;
2. ҚР азаматтығы болуы;
3. Жоғары академиялық көрсеткіштері (орташа балл 3,5-тен жоғары болуы);
4. Шет тілін жетік білуі сертификатымен расталуы тиіс;
5. Факультетте конкурстан өту.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Ректор атына жазылған өтініш;
2. Шетелдік жоғары оқу орнының ресми шақыруының көшірмесі;
3. Cтуденттің ҚР БжҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен белгіленген нысандағы өтініші:
5. Шетелге оқуға шығатын ҚР азаматының осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнамасы;
6. Факультет кеңесі хаттамасының үзінді көшірмесі;
7. Транскрипт;
8. Ұсыным хат;
9. Грамота, сертификат, диплом, алғысхаттардың көшірмелері, бар болған жағдайда;
10. Шет тілін меңгергені туралы сертификат (IELTS, TOEFL);
11. Жеке оқу жоспары (магистранттар үшін);
12. Медициналық анықтама (075 үлгісі);
13. Эдвайзермен алдын ала сұхбаттасу;
14. Эссе (сапарыңыздың мақсатын жазыңыз, шетел университетін таңдау себебін негіздеңіз) – ағылшын тілінде, көлемі 500 сөз.
Байланыстар
Досыбекова Гульшат Адилгоджаевна
Сыртқы академиялық ұтқырлық
ҚазҰАЗУ-де алмасу бағдарламасы бойынша оқығысы келген студенттер өздерінің оқу орындарындағы үйлестірушілері арқылы өтініш бере алады. Қосымша ақпарат алу үшін тілек білдірушілер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жауап беретін маманмен байланыса алады.
Өтініш беруші төмендегі көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмесін электрондық пошта және түпнұсқаларын пошта арқылы жіберуі тиіс:
- Өтініш және оқу келісім (жүктеу);
- Транскрипт;
- Университеттен ұсыныс хат;
- Төлқұжат көшірмесі.
- 3x4 сурет (4 дана).
Байланыстар
Досыбекова Гульшат Адилгоджаевна