Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қазақ әдебиеті мен тіл білімі саласында көп жылдық тәжірибесі бар ғалым-педагог. Ғылыми-педагогикалық қызметін жоғары білім беру жүйесінде жүзеге асырып, 30 жылға жуық уақыттан бері болашақ мамандарды даярлау ісіне үлес қосып келеді. Оның ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты – қазақ әдебиетінің поэтикасы, ұлттық идея мәселесі, көркем мәтінді кешенді талдау, сондай-ақ қазақ тілін өзге тілді аудиторияға оқыту әдістемесі. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулері түркі халықтары арасындағы әдеби және мәдени байланыстардың тарихи-теориялық негіздерін зерделеуге бағытталған. Қазіргі уақытта ҚазҰАЗУ-да қазақ және түркімен топтарындағы студенттердің тілдік сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған практикалық сабақтарды жүргізеді. Әр студенттің ерекшелігін ескеріп, ынталандырушы педагогикалық тәсіл қолданады.
Н.Ә.Алдабектің авторлығымен жарық көрген «М.О.Әуезов және ұлттық идея» (Алматы, «Қазақ университеті», 2006), «Жамбыл шығармаларының поэтикасы» (Алматы, «Қазақ университеті» 2009), «Қазақ тілі» (Бірлескен авторлар: Р.Р. Абишева., А.С.Бейсекенова) Алматы, «Қазақ университеті» 2013), «Қазақ əдебиеті» (Жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру факультеттерінің тыңдаушыларына, оқуға түсуші талапкерлерге арналған оқу құралы) Алматы, «Қазақ университеті»,2020) атты еңбектері ғылыми ортада өз бағасын алған. Сонымен қатар республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, ғылыми мақалаларын жариялайды.
Алдабек Нұргүл Әбдіразаққызы ғылыми зерттеу жүргізу, оқу бағдарламаларын құрастыру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бағыттарында кәсіби құзыреттілікке ие. Өзге тілді аудиториямен жұмыс істеуде тәжірибелі маман ретінде білім беру үдерісін тиімді ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта «ТURK ELI» Халықаралық ұйымының (Президенті Сарвар Испахи) Қазақстан бойынша өкілі.
«Мектеп» баспасының штаттан тыс қызметкері (аудармашы).
Атқарған қызметтері:
2005-2009 жж. «Әдебиет теориясы, әлем әдебиеті және фольклористика» кафедрасының доценті
2009-2013жж. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында доценті
2013-2014 жж. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі
2014-2016 жылдары ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының доценті
2016-2019жж. «Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР БЖ ҚБАРИ «Халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының доценті
2019-2021жж«Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР БЖ ҚБАРИ «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі және Халықаралық білім беру бағдарламалары» кафедрасының меңгерушісі
2021-2022жж. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері
2022-2025жж. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің «Абай ілімі» пәнінің оқытушысы
Марапаттары:
1. Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының» Құрмет грамотасы. 2017жыл.
2. Оқу үдерісінде кәсіби маманның прагматизм мен бәсекеге қабілеттілігін артттыруда латын графикасын енгізудің озық әдістері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу: тәжірибелер мен мәселелер және оны шешудің жолдары» республикалық дөңгелек үстелге қатысып, белсенділік танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының Алғыс хаты. 20 ақпан 2019 жыл.
3. ҚР ҰҚК Академиясында өткен ЖОО арасындағы Тілдік олимпиадаға әділ қазы ретінде қатысып, үш тілді білім беру ісінде озық тәжірибемен бөліскені үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының Алғыс хаты. 18 наурыз 2022 жыл.
4. Үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жүогізу жұмысына жоғары кәсібилікпен және зор жауапкершілікпен атсалысқаны үшін Бірінші вице-министр М.Мелдебекованың атынан Алғыс хат.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Білім мазмұнын сараптау орталығы. 2025жыл.
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 1996 жылы аталған университеттің толық курсын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
Оқу құралдары:
1. «М.О.Әуезов және ұлттық идея» (Алматы, «Қазақ университеті» 2006)
2. «Жамбыл шығармаларының поэтикасы» (Алматы, «Қазақ университеті» 2009)
3. Қазақ тілі: оқу құралы. Авторлар: Абишева Р.Р. Алдабек Н.Ә. Бейсекенова А.С.– Алматы:«Қазақ университеті» баспасы .2013ж. – 126 б.
4. Қазақ əдебиеті (Жоғары оқу орындарына дейінгі білім беру факультеттерінің тыңдаушыларына, оқуға түсуші талапкерлерге арналған оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 72 б. ISBN 978-601-04-0141-9.
5. «Латын графикасына көшу жағдайында басқа сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары»// Алдабек Н..Ә, Абайдуллаева А.А., Көмекова С.О. Әдістемелік нұсқаулық. 46 бет. 2020ж. сәуір, ББЖ ҚБАРИ.
1. CERTIFICATE OF ACHIEVEMENTTHIS CERTIFICATE IS PROUDLY PRESENTED TO Nurgul Aldabek for participation in the Symposium named after "Current Issues in the Study of History, language, and Literature of the Turkic World" by the international public organization "TURK ELI" USA (72 hours)TURK ELI .Sarvar Ispahi PRESIDENT OF THE SOCIAL ORGANISATION "TURK ELI"Issyk-Kul.AUGUST 1-3, 2024.
2. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды дайындау курсы. Халықаралық тәжірибе негізінде мектеп оқулықтары мен ОӘК сараптау. 72 сағат. 2021ж.
3. Сертификат. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. ЖШС"Өрле-Education" Республикалық оқу-әдістемелік орталығы. 19.08.2025-29.08.2025. 120 сағат. №00004.
4. KATILIM SERTIFIKASI. Gazi Üniversitesi, Egitim Yöneticileri ve Uzmanlari Dernegi (EYUDER) ve Azerbaycan EYUDER isbirliginde 29 Haziran-05 Temmuz 2024 tarihleri arasinda düzenlenen "Türk Devletleri Egitim Çalisanlarinin Egitimi" projesine katilarak, projenin 144 saatlik online ve yüz-yüze egitimini bagari ile bitirdigi için bu belgeyi almaya hak kazanmistir. №14327127.