ERASMUS+ - жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобалары Еуропалық Одақ (ЕО) пен әріптес-елдер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға, сондай-ақ менеджмент және жоғары оқу орындарын басқару саласындағы міндеттерді шешуде әріптес-елдерге қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл мақсаттарға жоғары білім беру сапасын арттыру, жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, реформалар саясаты арқылы жоғары білім беру жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ бірлескен бастамалар арқылы әлемнің әртүрлі өңірлері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу кіреді.
Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру
Erasmus+ бағдарламасы аясында Еуропалық комиссиямен қаржыландырыладады.
Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру саласындағы жобалар (E+CBHE)
Жоба нөмірі: 610383-EP-1-2019-1-DEEP PRO 2-CHE-JPG
Үлкен ауыл шаруашылығы аумақтары Ресей мен Қазақстанның ландшафтары мен экономикасын сипаттайды, сондай-ақ екі мемлекет те бұл сектордың инновациялық дамуына аса көңіл бөледі. Осыған байланысты білікті еңбек әлеуеті мен инновациялық әлеуеттің жетіспеушілігі байқалады. Нәтижесінде бірқатар бастамалар барлық деңгей бойынша (ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мамандар, менеджерлер) адам ресурстарын өсіруге, сондай-ақ жоғары оқу орындарының (ЖОО) қызметін жақсартуға бағытталған. Болон процесінің енуі мен ілгері жүзеге асырылуына қарамастан, жас таланттардың «ой-өрісінің жетіспеушілігі», сондай-ақ докторантураның жетілдірілмеген және ескірген білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатына қол жеткізуге кедергі келтіреді. Еуроодақтың 5 серіктестерінен, 4 ресейлік және 4 қазақстандық ауыл шаруашылығы университеті мен Ресей мен Қазақстандағы аккредиттеу, зерттеу және жеке бизнес саласындағы консультативтік және сараптамалық әріптестерден тұратын консорциум келесі мақсаттарды алға қойды.
(1) ауыл шаруашылығы ғылымдары мен инновациялары үшін өзекті болып табылатын пәнаралық мазмұнды және трансдисциплинарлық тәсілдер бойынша докторанттарды даярлау үшін әртүрлі өңірдің 8 жоғары оқу орындарында үшінші циклдың (докторантураның) білім беру бағдарламаларына төрт модульді әзірлеу және енгізу;
(2) халықаралық стандарттарға сәйкес және үздік тәжірибелердің мысалында докторантурада оқытуды жүзеге асыру үшін серіктес университеттердің кадрлық әлеуетін, әдеби базасын және жабдықталуын арттыру;
(3) жоба аясында серіктестер арасындағы зерттеулер бойынша халықаралық және өңіраралық академиялық ұтқырлық пен ынтымақтастықты нығайту; жобаның серіктес жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық және өңіраралық академиялық ұтқырлық пен ғылыми ынтымақтастықты күшейту;
(4) Қоғаммен үздік тәжірибелермен алмасу мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы үшінші цикл (докторантура) білімі бойынша жоғары оқу орындарының сарапшылық желісін құру
Тұтастай алғанда, тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақ агрожүйелер саласындағы білім мен зерттеуге сұранысты қанағаттандыру үшін институционалдық әлеует артады.
Проект 574056-ЕРР-1-2016-PL-EPPKA2-CBHE-SPSUSDEV «Тұрақты даму үшін өмір бойы оқу»
Жобаның мақсаты - өмір бойы оқыту арқылы өнеркәсіп және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде жоғары оқу орындарының рөлін күшейту, серіктес-елдерде ұлттық "жасыл саясатты" қолдау және "жасыл мәдениетті" ілгерілету болып табылады.
Жобаның міндеттері болып әр түрлі мақсатты топтар мен біліктілік деңгейлеріне жасыл дағдыларды ынталандыру үшін модульдерді әзірлеу; білім беру ресурстарының ашылуына нысаналы топтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету және жақсарту; оқытушылық құрамына білім беру арқылы жасыл мәдениетті жақсарту және жалғастыру, оқыту арқылы сыртқы мүдделі тараптарды және мемлекеттік әкімшілігінің талаптарын арттыру; маңызы бар қаланың "жасыл дағдыларын", білім және еңбек қызметін жақсарту болып табылады. Жобаның үйлестірушісі - Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Штефан Игнар.
Бұл жобаға Қазақстандық 6 жоғарғы оқу орындары: Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Атырау мемлекеттік университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттері қатысады. Қазақ ұлттық аграрлық университеті Қазақстан тарапынан жобаның үйлестірушісі болып табылады.
http://www.susdev.confer.uj.edu.pl/start
Аймақаралық ұтқырлыққа және сәйкестікке жол сала отырып, сапа және теңдікке қол жеткізуді қамтамасыз ету
- PAWER –
№ 574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP
Жобаның басты идеясы
ЕЖББК (Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің) артушы рөлі - бұл жоғары білім беру жүйесіндегі Еуропалық Одақ және әлемдік бірнеше өңірлер арасындағы саяси диалог үшін керекті бағыт.
Жоғары оқу орындар – серіктестер: Италия, Польша, Венгрия, Ұлыбритания, Грузия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан.
Жобаның негізгі мақсаты: ұтқырлық және интернационалдандыру
Қосымша мақсаты: аймақаралық интеграция және ынтымақтастық
Жобаның негізгі міндеттері:
Жобаның негізгі рөлі – түлектерді жұмыспен қамту.
EЖЖБК (Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі) және басқа да аймақтар арасындағы ұтқырлықты жеделдету.
Әр түрлі аймақтарда кредиттерді бөлу және жіктеу жүйесін үйлестіру қажеттілігі.
Қосымша міндеттер:
EЖЖБК (Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі) мен төрт аймақ арасындағы жоғары оқу орындарының халықаралық өлшеу жүйесін және үйлесімділігін арттыру үшін сенімді бірлескен құралдар әзірлей отырып, аймақаралық интеграция мен ынтымақтастыққа жәрдемдесу.
4 түрлі аймаққа жататын 8 елдегі 23 әр түрлі университеттердің модернизациясын, қол жетімділігін және интернационаландырылуын қолдау.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ АУЫЛАРУАШЫЛЫҚ САЯСАТТАҒЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ No 561590-EPP-1-2015-SK-EPPKA2-CBHE-JP
http://ecap.uniag.sk/kk
Жоба Өзбекстан мен Қазақстанда жүзеге асқан ауылшаруашылық саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатын қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы хабардар болуды күшейту және нығайту қажеттілігімен анықталады.
Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және Жер ресурстарын басқару саласында инновациялық оқу жоспарларын ұсына арқылы Орталық Азия (өзбек және қазақ университеттері) жоғары оқу орындарындағы біліктілік деңгейі мен дағдылар даңгейін арттыру.
Жобаның міндеттері:
- инновациялық оқу жоспарлары аясында тиісті оқу бағдарламаларының білім беру сапасын арттыру мақсатында Орталық Азия елдеріндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы және жер ресурстарын басқару контекстінде жаңа Бірыңғай ауыл шаруашылығы саясатын (CAP) әзірлеу;
- Орталық Азия студенттерінің экологиялық ауыл шаруашылығы әдістерін қолдауда құқықтық құралдар бойынша хабардарлықты арттыру
- Еуропа және Орталық Азия жоғары оқу орындарының қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы алатын артықшылықтарын өзара қолдау және білім беруде серіктестік құру,
- қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы ауыл шаруашылығы және құқықтық құралдар бойынша экологиялық әдістерін, білімі мен дағдыларын айырбастау жүргізуді әзірлеу;
Жобаның мақсаттық тобы: Қазақстан мен Өзбекстанның серіктес университеттерінің оқытушылар мен сарапшылары.