«Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы орман шаруашылығы, аңшылықтану және балық шаруашылығы саласында еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлайды.
Кафедра қызметінің негізгі бағыттары ол орман және балық шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және пәндерді оқыту болып табылады.
Орман шаруашылығы - ормандарды молықтыруға, оларды өрттен қорғауға және зиянды организмдерден және өзге де жағымсыз факторлардан қорғауға, ормандарды пайдалануды реттеуге және орман ресурстарын есепке алуға бағытталған іс-шаралар жүйесін жүзеге асыратын сала.
Орман шаруашылығының ажырамас бөлігі және элементі - жануарлар әлемі. Сондықтан орман шаруашылығы жұмыс істеген кезде орман қатынастары жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды да білдіреді.
Балық шаруашылығы - балық аулау және су биоресурстарын сақтау, аквашаруашық, су биоресурстарынан балық және өзге де өнімдерді өндіру және өткізу жөніндегі қызмет түрлері.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 34 бірліктен тұрады: профессор - 2, а.ш.ғ.д.; профессор – 2, э.ғ.д.; қауымдастырылған профессор – 1, а.ш.ғ.д.; қауымдастырылған профессор – 1, б.ғ.д.; қауымдастырылған профессор - 3, а.ш.ғ.к.; қауымдастырылған профессор-1, PhD; аға оқытушылар-7, PhD; аға оқытушылар - 2, а.ш.ғ.к.; аға оқытушылар – 3, магистр; ассистент - 9, магистр; зертханашы - 3.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүргізеді:
Бакалавр:
6В08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
6B08304 - Ландшафттық дизайн және көгалдандыру
6B08303- Ағаш өңдеу негіздерімен орман ісі
6B08301 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы
6B08402 – Аквакультура және судың биологиялық ресурстары
Магистратура:
7М08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
7М08305 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
7М08301 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы
7M08404 - Аквакультура және судың биологиялық ресурстары
Докторантура:
8D08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы
8D08301 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы
Қазақстан аймағында алғаш рет орманшыларды даярлайтын мектеп Боровое селосында (Ақмола облысы) ашылған, мұнда кәсіби білім алуға болатын. Кейіннен ол «орман техникумы» деп аталып, бүгінге дейін жұмыс істеп жатыр. 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында екінші техникум ашылды.
Кәсіби орман білімінің үшінші деңгейі 1948 жылдан бастап Қазақ ауыл шаруашылығы институты құрамында орман шаруашылығы факультеті ашылғаннан кейін басталды.
Бұл факультеттің ашылуын басқарған жоғарғы білімді республиканың басшылары болатын: Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Ж.Ш.Шаяхметов және ҚазССР Министрлер Кеңесінің бастығы Н.Д.Оңдасынов, бұл кісі жоғарғы білімінен басқа, орман шаруашылығы техникумын бітірген, мұның өзі орман шаруашылығы факультетін ашуға көп себеп болды.
Факультетті ашар алдында Санкт-Петербор орман техникалық академиясының түлегі болған, Ташкенттің ауыл шаруашылығы институтының профессоры А.И.Федоров шақырылған болатын.
Кейіннен оқытушылық жұмысқа А.Н.Протасов, А.М.Мушегян, А.М.Фрязинов және С.Л.Егоренковтар шақырылған. Ұлы Отан соғысының майданынан оралған және орман шаруашылығы факультетін бітірген соң оқытушылар қатарына осы факультеттің қалыптасуына үлесін қосқан В.М.Глазырин, А.Д.Старков, Д.Е.Гуриков, П.П.Бессчетнов (жеміс-жидек факультеті) және бірінші түлектер Т.Х.Токмурзин, А.В.Технеряднов, О.Н.Печенкина, П.И.Селедцов, А.И.Голядкин қабылданды.
Факультет ашылғаннан кейін орманшылық және дендрология кафедрасы ұйымдастырылды және оның бірінші меңгерушісі А.И.Федоров, оқытушысы А.М.Фрязинов болды. Кейінірек, аспирантураны бітіргеннен кейін П.П.Бессчетнов пен Е.И.Гегер жұмысқа қабылданды.
1948 жылы екі факультет – гидромелиоративтік және орман шаруашылығы біріктіріліп, т.ғ.к., доцент В.И.Алексеев факультет деканы болды. Бес жыл өткеннен кейін, орман шаруашылығы факультеті бөлініп, А.М.Мушегян факультеттің бірінші деканы болып сайланды.
1952 жылы факультетте 2 арнайы кафедра – орман екпелері және агромелиорация, орман таксациясы және орман орналастыру ашылды.
Факультеттің кейінгі декандары П.П.Бессчетнов, А.Д.Старков, Д.Е.Гуриков, С.І.Ысқақов, Г.В.Голощапов, С.Б.Байзақов, Ж.Ш.Шоманов, Ж.Н.Тоқтасынов, Қ.Б.Игембаев, Қ.Т.Абаева және қазіргі уақытта факультеттің деканы Д.Н.Сарсекова болды. Факультеттің құрамында бір кездері (1979-1983) еңбек қорғау кафедрасы да кірді. Кафедраның меңгерушісі Д.А.Абилев болды. 1983 жылы факультетте елді мекендерді көгалдандыру кафедрасы ұйымдастырылды және тұңғыш рет біздің институтымызда көгалдандырушы инженерлерді даярлай бастады. Қазіргі кезде біздің түлектеріміз республиканың көптеген көгалдандыру ұйымдарында, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында басшылық қызметінде жұмыс істейді.
Институтты үздік бітірген студенттер арасынан Ғ.Қ.Бөкейханов, С.І.Ысқақов, Г. В.Голощапов, С.Б.Байзақов, Ж.Ш.Шоманов, Қ.Ж.Асқаров, И.А.Пальгов, В.И.Сахаров, Ж.Н.Тоқтасынов, Л.Х.Арыстанбекова (Қатаева), кейінірек Е.Ж.Кентбаев, Қ.Б.Игембаев, Қ.Т.Абаева, Д.Н.Сәрсекова, Т.С.Кертешов, А.Т.Мухамедьяров, Қ.Қ.Әлібеков, А.Г. Мадиева оқытушылық жұмысқа шақырылды.
2001 жылы Қазмемагру Президенттің жарлығы бойынша ҚазҰАУ болып құрылды, соған орай кафедралар ірілендіріле басталды және «Орман шаруашылығы және орман инженерлік ісі» кафедрасы деп аталды. Кафедра меңгерушісі қызметін Ж.Н.Тоқтасынов (2001-2005), 2005-2008 жылдары а.ш.ғ.д. Е.Ж.Кентбаев, 2008-2.... атқарды.
Кейінірек кезекті біріктірілу жүргізіліп, «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, Э.С.Жылқыбаева) деп атала бастады.