ҚазҰАЗУ

Назарбаев Зияткерлік мектебінде жасанды интеллектке арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды

Бүгін Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.

Жиын барысында жасанды интеллект (ЖИ) бағдарламасы таныстырылып, оның қоршаған ортадағы ақпараттарды өңдеуге бағытталғаны атап өтілді. Бағдарлама ғарыш аппараттарынан, дрондардан және әртүрлі датчиктерден келіп түсетін деректерді талдау арқылы айнала туралы толық мәлімет жинауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – оқушылардың екі жыл Қазақстанда, екі жыл Қытайда білім алуы. Бұл тәжірибе оларға халықаралық деңгейде білім алып, екі елдің оқу жүйесін тереңірек меңгеруге жол ашады.Аталған іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін заманауи технологиялар, инновациялар және халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Айта кетейік, биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек» деген тапсырмасына сәйкес, KazNARU қабырғасында «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы қосылды. Бұл бағдарлама аясында студенттер «Қос диплом» жобасына қатыса алады. Олар екі жыл Қазақстанда, екі жыл Қытай Халық Республикасының алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алады.

KazNaru Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник