Кафедра ұжымының басты миссиясы – заманауи талаптарға сай ақпараттанған, ізденіске және қоғам алдында түрған мәселелерді талдап, шеше алатын, бәсекелестікке қабілетті маман тәрбиелейтін білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осы миссияны басшылыққа ала отырып, кафедра ұжымының алдағы мақсаты: оку үрдісін ұйымдастыруда осы заманға сай әдістерді қолданып, жұмыс сапасын - инновациялық жүйе негізінде деңгейін жоғарылату.
Кафедра ұжымы үшін қойылған мақсатты іске асыру бағытында негізгі міндеттер белгіленген: инновациялық жүйеге сай оқытушы кадрлар дайындау; оку үрдісінде инновациялық технологияны ендіру; өндіріс талабына сәйкес білікті мамандар дайындау.
Оқу үдерісі және тәжірибе
Кафедрада оқытылатын пәндер жануарларды күту мен ұстау жағдайларын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырады. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру мен аурулардың алдын алуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін бағалауға ықпал етеді.
Студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кафедра жетекші өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мысалы, «Dinara-Ranch» ЖШС, «Айдарбаев» ШҚ, «Амиран» ЖШС, «Адал» ЖШС, «Байсерке-Агро» ЖШС, «Алматы» асыл тұқымды зауыты, «Алатау-Күс» ЖШС және «Макинская құс фабрикасы» ЖШС. Осы кәсіпорындарда 2-курс студенттері үшін өндірістік-танымдық сабақтар, ал 3-5 курс студенттері үшін оқу тәжірибелері өткізіледі. Олар әртүрлі өнімдерді өндіру процесіне тікелей қатысады.
Кафедра ұжымы оқу-әдістемелік жұмыстарды белсенді жүргізеді. Соңғы жылдары кафедраның бастамасымен бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді:
•«Ет-сүт өнімдерінің технологиясы, гигиенасы, санитариясы және ветеринариялық санитариялық сараптау»;
•«Малдан алынатын шикізаттардың ветеринариялық санитариялық сараптауы»;
•«Ветеринарлық кәсіпкерлік» (1 және 2 том);
•«Мал шаруашылығы өнімдерін соттық ветеринариялық санитариялық сараптау»;
•«Ветеринариялық гигиена және санитария» және басқалары.
Оқу үдерісін ұйымдастыру
Лекциялық аудиториялар заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған, оқу процесі бейнематериалдармен, көрнекі құралдармен және презентациялармен толықтырылады. Бұл студенттердің материалды оңай әрі тиімді меңгеруіне ықпал етеді.
Кафедрада оқытатын барлық пәндер бойынша лекциялар мен зертханалық-тәжірибелік сабақтардың материалдары Platonus 6.0 электрондық оқыту платформасында қолжетімді. Бұл студенттерге қажетті мәліметтерді өздігінен меңгеруге және сұрақтары бойынша оқытушылармен байланысуға мүмкіндік береді.
Кафедраның зертханаларында магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін түрлі ғылыми басылымдарда жариялайды.
Ғылыми және халықаралық қызмет
Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысады, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдегі жоғары оқу орындарында өз біліктілігін жүйелі түрде арттырады.
Кафедра Қазақстан Республикасында аккредиттелген, заманауи құралдармен жабдықталған зертханалармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Осы зертханаларда кейбір пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
Кафедраның оқытушылары гранттық бағдарламаларға белсенді қатысады. Соңғы жылдары кафедра қызметкерлерінің 30-дан астам ғылыми мақаласы Scopus және Web of Science базаларына кіретін халықаралық журналдарда жарияланды.
Халықаралық ынтымақтастық
Кафедра келесі шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан:
• Варминско-Мазур университеті (Ольштын, Польша),
• Латвия ауылшаруашылық университеті (Елгава),
• Сүлейман Демирел университеті (Түркия),
• Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық ғылыми конференцияларға белсене қатысады.
Материалдық-техникалық база
Кафедра мамандандырылған аудиториялармен жабдықталған, олар білім беру бағдарламасына кіретін пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған.
Зертханалар:
1.«Өнімдердің қауіпсіздігі, сапасы және ветеринариялық-санитариялық сараптау» оқу-зертханасы – №231 аудитория.
2.«Ветеринариялық бақылау объектілеріндегі гигиена және санитария» оқу-зертханасы – №137 аудитория.
3.«Радиобиология» оқу-зертханасы – №217 аудитория.
2025-2026 оқу жылында кафедрада 18 магистрант және 6 PhD доктранттары ветеринариялық қауіпсіздік бағытында білімін жалғастыруда.
КАФЕДРА ТАРИХЫ
Еліміздегі мал шаруашылығының маңыздылығы ескеріліп, аграрлық бағытта ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарын құруға көңіл бөле бастады. Нәтижесінде, 1929 жылы Республика тарихында 2-ші болып Алматы зоотехникалық – мал дәрігерлік институты ашылады. Бұл институттың құрамындағы кафедралар қатарында «Ет тану» (1930 ж.) және «Зоогигиена» (1931 ж.) құрылған.
«Ет тану» кафедрасының негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі болып профессор А.Е.Лукин тағайындалады. 1935-1937 жылдары кафедра меңгерушісі лауазымында Е.И.Василец, ал 1937-1939 жылдары аралығында Н.С.Наконечный қызмет атқарады. 1939-1980 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін В.И.Ряховский жалғастырады. Профессор В.И.Ряховскийдің жетекшілігімен бұл салада алғашқы ғылым кандидаттары К.Е.Едыгенов, М.И.Зелинский, Э.Ф.Ложкин, Н.А.Золотарев және Н.В.Кудрина дайындалады.
Кафедраның ғылыми - зерттеу жұмыстары бойынша 1930 жылдары Қазақстанда өсірілетін түрлі тұқымды түйелердің ет өнімділігін анықтау (профессор А.Я.Лукин), қой майын әртүрлі сыртқы орта жағдайында сақтау кезінде оларда болатын өзгерістер (доцент Н.С.Наконечный), тері шикізатындағы топалаң қоздырушысын бактериологиялық және серологиялық зерттеу әдістерін салыстырмалы түрде анықтау (А.Қонанбаев, Ф.Х.Мусина) бағыттарында жұмыстар атқарылды. 1950 жылдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары «Әр түрлі жануарлар етінің химиялық құрамы мен морфологиясы», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен ветеринариялық санитариялық сараптау», «Мал шикізаты мен өнімдерін консервілеудің тиімді әдістерін іздестіру және оларды ветеринариялық санитариялық сараптау», «Кейбір жұқпалы аурулар кезінде жануарлар сойыс өнімдерін залалсыздандыру», сонымен қатар: Ірі қараның безнойтиозы, ешкі мен қойдың жұғымтал эктимасы және ақбөкен етін ветеринариялық санитариялық сараптау сияқты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1970 жылдары КСРО АШМ және ҚМ–нің тапсырмасы бойынша «Еліміздің шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтарында төтенше жағдайларда малды сою, сойыс өнімдері мен шикізаттарды консервілеу» тақырыбы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі (жетекшісі профессор Н.Ф. Шуклин). Орындалған жұмыс нәтижесі бойынша 1970 жылдан 1995 жылдар аралығында 6 авторлық куәлік алынып, 8-нормативтік құжаттар дайындалады. (КСРО және КССР) Радиациямен зақымдалған малды алғашқы өңдеу әдістері мен далалық жағдайда пайдаланатын консерванттар дайындалып шығарылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 3 докторлық, 7 кандидаттық диссертациялар қорғалады.
1980-1987 жылдары аралығында кафедраны профессор Н.Ф.Шуклин басқарады. Ол кісінің жетекшілігімен Т.М.Телеуғалиев, С.Қырықбайұлы докторлық, C.Қырықбайұлы, А.Ж.Сахариянов, Н.А.Косынцева, А.М.Труш, Н.Н.Ахметгалиева, Д.Б.Джексембиев және М.Б.Сагимбеков кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды.
1987 жылдан 1996 жылдары аралығында кафедра меңгерушісі қызметін профессор Т.М.Телеуғалиев атқарады. Ол кісінің жетекшілігімен 125 ғылыми мақала жарияланады және 5 оқулық пен оқу құралдарының авторы.
«Зоогигиена» кафедрасының негізін қалаушы және тұңғыш меңгерушісі 1931-1937 жылдары профессор А.В.Аликаева болған. 1937-1943 жылдары зоогигиена кафедрасын В.П.Поспелов басқарады.
1943-1963 жылдары кафедраны ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент П.Ф.Романов басшылық жасайды. Кафедраның атауы мал шаруашылығы саласының дамуына байланысты, өзгеріп отырған: «Зоогигиена» (1931-1970), «Зоогигиена және ветеринариялық санитария» (1970-1980), «Мал қора жайларын салу және жобалау зоогигиенасы» (1980-1996).
1961 жылдан 1966 жылдары аралығында кафедра меңгерушісі қызметін Д.А.Брылов, ал 1967-1980 жылдары доцент А.И.Изатуллаев жалғастырады. 1980-1985 жылдары аралығында кафедраны доцент Т.М.Молдағалиев, 1985-1986 жылы профессор В.И.Воробьев, ал 1986-1989 жылдары ветеринария ғылымдарының докторы, профессор И.И.Гуславский кафедраны басқарса, 1989-1996 жылдары кафедраны ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ж.Б.Мырзабеков басқарады.
1996 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінің құрамына кіруіне байланысты, «Ветеринариялық санитариялық сараптау» кафедрасы «Зоогигиена» кафедрасымен қосылып, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы болып қайта құрылады. Кафедра меңгерушісі болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Сағындықов тағайындалады. Ал, 2001-2010 жылдары «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі лауазымын профессор С.Қырықбайұлы жалғастырады.
2006 жылы «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасынан гигиена бөлініп биохимиямен қосылады «Гигиена және биохимия» ретінде жеке кафедра болады. Ол кафедраға ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ж.Б.Мырзабеков жетекшілік жасайды. Одан соң, 2008 жылы профессор Ж.Б.Мырзабеков жетекшілігімен «Гигиена және биохимия» кафедрасы биохимиядан бөлініп, мал азықтандыру кафедрасымен қосылады да «Гигиена, санитария және азықтандыру» деп аталады.
2006-2010 жылдары аралығында «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі қызметін профессор С.Қырықбайұлы жалғастырады. Профессор С.Қырықбайұлы А.И.Бараев атындағы сыйлық иегері, оның жетекшілігімен 1 докторлық (Сарсембаева Н.Б.), 2 кандидаттық (Жұмагелдиев А.А. және Нурғалиев Б.Е.) диссертациялар қорғалады. Осы жылдар аралығында «Гигиена, санитария және азықтандыру» кафедрасын профессор Ж.Б.Мырзабеков басқарды.
2010 жылдан «Ветеринариялық санитариялық сараптау және радиобиология» кафедрасы, «Гигиена, санитария және азықтандыру» кафедрасымен қосылып, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы болып қайта құрылады. Кафедра меңгерушісі қызметін профессор Ж.Б.Мырзабеков атқарды және оның жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 10-нан астам ғылым кандидаттарының диссертациялары қорғалды. 2011-ші жылдан бастап, осы аталған кафедраны профессор Н.Б.Сарсембаева басқарған.
Н.Б.Сарсембаева кафедраны басқарған кездері университет басшылығы атынан бірнеше рет оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарының жетістіктеріне сәйкес марапатталып бұл кафедра университетімізде үздік кафедра қатарынан көрінеді. Осы кісінің жетекшілігімен 2 PhD диссертациясын сәтті қорғап, ғылыми дәрежесіне жетеді. Н.Б. Сәрсембаева республикалық ғылыми жобаның жетекшісі және өнертапқыштыққа берілген көптеген патенттердің авторы. Бұл кісінің жетекшілігімен көптеген ғылыми мақалалар халықаралық алыс және жақын шетелдерге басылып, жарияланады. 2013-шы жылы қарашадан 2014-ші жылғы ақпанға дейін кафедраны в.ғ.д., профессор Б.Д.Айтжанов басқарған. 2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі лауазымын қауымдастырылған профессор А.А.Жумагелдиев жалғастырса, 2017-2019 жылдары кафедраны PhD Қ.Д.Алиханов басқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың маусым айын дейін кафедра меңгерушісі лауазымын қауымдастырылған профессор А.Алимов атқарады. 2024 жылдың шілде айынан бастап кафедра меңгерушісі лауазымында қауымдастырылған профессор М.О.Токаева атқаруда.
Кафедрада 11 докторлық диссертация (В.И.Ряховский, Н.Ф.Шуклин, Т.М.Телеуғалиев, Ж.Б.Мырзабеков, Қ.А.Сағындықов, С.Қырықбайұлы, Н.С.Сарсембаева, П.Ш.Ибрагимов, О.О.Тағаев, Г.И.Мухитдинова, Ж.Валиева), 30 кандидаттық диссертациялар қорғалған және КСРО мемлекеттік комитеті және Қазақстан Республикасының 50-ден астам авторлық куәліктері мен патенттері алынған. Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен ветсансараптау және гигиена пәні бойынша 65 оқулық және оқу құралдары, 60 әдістемелік нұсқаулар, 700-дан астам ғылыми мақалалар басылып шығарылған. Аталған оқулықтар мен оқу құралдарының бірнешеуі «Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификция» оқу құралы, «Ветеринариялық санитариялық сараптау» практикумы мен «Ветеринариялық гигиена» оқулығы ҚР БжҒМ грифімен шығарылған.
2025-2026 оқу жылында кафедрада 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 3 магистр ветеринария мамандарын сапалы дайындауда. Кафедраның штаттық профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) дәрежесі 56%, орташа жасы 49,2 жас.
2024 жылдан бері кафедрада 4 докторлық диссертация қорғалды: Толепова Г.К., Исабеков С.С., Турабеков М.Р., Апдраим Г.
Кафедра ғылыми жұмыстарын «Жануарлар өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі», «Тағам қауіпсіздігі», «Ветеринариялық бақылау нысандарындағы гигиена және санитария» бағытында өзекті мәселелермен айналысуда. Оларды бірнешеуі ғылыми жоба ретінде орындалуда. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Journal Citation Reports компаниясы Clarivate Analytics халықаралық рецензияланатын Q1, Q2, Q3, Q4 ғылыми журналдарында кафедра оқытушыларының мақалалары жариялануда. Сонымен қатар, ҚР ҒжЖБ саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда кафедра оқытушыларының ғылыми жұмыстары үнемі жарияланып тұрады. Және де көптеген кафедра оқытушылары зияткерлік меншік иелері болып табылады. Яғни, ғылыми ізденістер нәтижесі бойынша көптеген патент және техникалық шарт, авторлық куәлік және нұсқаулықтар жарияланған.
Білімдерін жетілдіру және біліктілігін арттыру бойынша кафедра оқытушылары алыс және жақын шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтуде.
Кафеданың қауымдастырылған профессорлары А.А.Жумагелдиев пен Б.Б.Барақов «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының «Озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту» бағдарламасы бойынша Жумагелдиев А.А. «Вармия-Мазур Университеті» Ольштын (Польша), Барахов Б.Б. Вроцлавтағы жаратылыстану ғылымдары университетінде (Польша) тағылымдамадан өтті.
Сонымен қатар кафедра аға оқытушысы А.А.Малдыбаева Латвияның биоғылым және технология университетінде, ал ассистент Таипова А.А. - Вроцлавтағы жаратылыстану ғылымдары университетінде (Польша) тағылымдамадан өтті.
«Ветеринариялық санитария» кафедрасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі желісі бойынша 4 ғылыми жобаны орындалуда:
1. Бақыршық кен орнының белсенді шунгиттері негізінде жаңа жемшөп қоспаларын әзірлеу және фармакотоксикологиясы және оларды пайдалану кезінде құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау – жетекшісі, в.ғ.д., профессор Сарсембаева Н.Б.;
2. «Қазақстандық минералдар (цеолит, вермикулит) және пробиотикалық штамм (E.coli39- SN) негізінде акваөсіру үшін синбиотиктердің технологиясын әзірлеу және қауіпсіздігі негіздемесі» жетекшісі, в.ғ.д., профессор Сарсембаева Н.Б.;
3. «Сиырларда желіннің қабынуын алдын алудың жетілдірілген әдістерін әзірлеу және сүт сапасын арттыру» - жетекшісі PhD., қауым.профессор Алиханов К.Д.
4. «Жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің организміндегі радиоактивтілікті төмендету тәсілдерін әзірлеу» – жетекшісі PhD., қауым.профессор Абжалиева А.Б.
Кафедраның ПОҚ ғылыми еңбектерінің санының ұлғаю серпіні байқалады. Мәселен, 2023 жылдан бастап профессорлық-оқытушылар құрамы 48-ден астам мақала жариялады, оның 13-і нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық басылымдарда, 4 мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Комитеті ұсынған басылымдарда ( Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті), халықаралық конференциялар материалдарында 6 мақала, отандық конференцияларда 25 мақала жарияланған .Сонымен қатар отандық және шетелдік басылымдарда 2 монография жарық көрді. 2 жыл ішінде пайдалы модельге 6 патент алынды.
Кафедра ұжымы жас кадрларды дайындауда, өндіріспен байланысын нығайтуда, алыс және жақын шет елдердің ғылыми мекемелерімен тығыз байланыс жасауда айтарлықтай жетістіктермен қызмет атқаруда.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы: кіріс және шығыс – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Төмендегі білім алушылар академиялық ұтқырлық бойынша шет ел оқу орындарына барды:
Ақжанұлы Аділ - 2024 жылы жазгы семестрді академиялық ұтқырлығын Қытай халық республикасында Лончжоу университеті базасында өткізді.
Баймульдинова Айдана - 2024 жылы Эстония мемлекетінде Эстония өмір туралы ғылымдар университеті базасында (Estonian university of life sciences) академиялық ұтқырлық бойынша 1 семестр оқып қайтты. Қазіргі таңда Баймульдинова А. Чонбук ұлттық университетінде (Чонджу қ., Корея Республикасы) академиялық ұтқырлық бойынша жалғастыруда.
Ветеринариялық санитария ББ магистранттары Әтімбетова А., Бакытжан Т. Литва денсаулық ғылымдары университетінде 1 семестр оқыды;
Рахимбекова Майкежан – 2025 жылы Польша мемлекетінде Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің (Warsaw University of Life Sciences) SGGW (Szkoła Główna Gospodarstwa Wiejskiego w Warszawie) мектебі бағытында академиялық ұтқырлық бойынша 1 семестр оқыды.
Сарсен Ардақ - 6В09102 - «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының студенті:
1) Лончжоу университетінде «Экология» бағыты бойынша халықаралық жазғы мектепке қатысты.
2) «Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология» университетінің Ташкенттік филиалы тарапынан ұйымдастырылған «Тағам қауіпсіздігін ғылыми бақылау және жақсарту міндеттері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сертификатпен марапатталды.
3) 01.06.2025-29.08.2025ж. аралығында Германия мемлекетінде «Apollo» бағдарламасы бойынша стажировкадан өтті.
4) Қазіргі кезде Сарсен Ардақ Чонбук ұлттық университетінде (Чонджу қ., Корея Республикасы) академиялық ұтқырлық бойынша жалғастыруда.
Сонымен қатар, білім беру бағдарламасының білім алушылары көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иелеунде. Мысалы, 2024 жылы «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Игерди Ақжарқын Қайыржанқызы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев қорының стипендиаты атанды.
2025 жылы 3-курс студенті Қадыр Аслан оқу және ғылыми қызметте жоғары жетістіктер көрсетіп, «Жылдың үздік студенті» байқауында жеңіске жетті.
«Жаңа қазақстандық патриотизм» байқауы аясында 3-курс студенттеріне келесі марапаттар берілді:
6В09102 «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Сергеева К.Б. XVII Республикалық пәндік олимпиадада (Астана қ.) II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Кафедра құрылған сәттен бастап оның оқытушылары ауыл шаруашылығы өндірісі мен ғылымының дамуына, ауыл зиялыларының қалыптасуына, сондай-ақ республиканың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Сонымен қатар, аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқаруда.
Токаева Мереке Оруспаевна, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор
Кафедра меңгерушici
Білім беру бағдарламасы
6В09104-Ветеринария 2025-2030 оқу ж
6В09103- Ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы 2025-2030 оқу ж.
7М09102- Магистратура 2025-2028 оқу ж.
8D09102- Докторантура 2025-2028 оқу ж.
Элективті пәндер каталогы
8_КЭД 6В09104-Ветеринария 2024-2029 .pdf
Түлек моделі





- Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары
9_План развития ОП 6В09104-Ветеринария.pdf
- Практика (практика базалары, негізгі серіктестіктер және дуальды оқыту)











"Ветеринариялық санитария" кафедрасы студенттерінің оқу және өндірістік тәжірибесі
Студенттердің өндірістік тәжірибеден өту ветеринариялық-санитариялық дәрігерлерді даярлау жүйесінің маңызды, үздіксіз білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл студенттерге ветеринариялық-санитариялық қызметпен танысуға, теориялық білімдерін бекітуге, кемшіліктерін анықтауға, қажетті практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.



"Өнімдер мен жануарлар шикізатының қауіпсіздігі және сапасын сараптау" зертханасы



ʺВетеринариялық қадағалау объектісінің гигиенасы және санитариясыʺ ғылыми-зерттеу зертханасы






Түлектер қауымдастығы
Университет түлектерінің кәсіби және этикалық принциптерінің ұқсастығы негізінде құрылған түлектерді біріктіруге бағытталған ерікті бірлестік.
Түлектер қауымдастығының миссиясы - кафедраның дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін қоғамдастық, барлық мамандықтар бойынша бітірген түлектерді татулықпен байланыстыру.
Қауымдастықтың мақсаттары:
Токаева Мереке Оруспаевна
Ветеринариялық санитария кафедрасының меңгерушісі
Қауымдастырылған профессор
Жумагелдиев Акылбек Амиркулович
Қауымдастырылған профессор
Қауымдастырылған профессор
Барахов Бахыт Бейсенбаевич
Қауымдастырылған профессор (Доцент)
Қауымдастырылған профессор (Доцент)
Джунисбаева Сымбат Мелисовна
Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Ветеринариялық санитария кафедрасының 2025-2026 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары
|
№ |
АР номері/Жоба тақырыбы |
Жоба жетекшісі |
Орындалу мерзімі |
Орындаушылар |
Ұтып алған мекеме |
Қаржыландыру көзі және конкурс түрі |
Кафедра |
|
|
Бақыршық кен орнының белсенді шунгиттері негізінде жаңа жемшөп қоспаларын жасау және фармакотоксикология және құс өнімдерін пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық бағалау |
Сарсембаева Н.Б. |
01.02.2023-31.12.2025 |
Зарханова А. |
КеАК ҚазҰАЗУ |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі |
Ветеринариялық санитария |
|
|
Қазақстандық минералдар (цеолит, вермикулит) және пробиотикалық штамм (E. coli 39-SN) негізіндегі акваөсіру үшін синбиотиктердің технологиясын жасау және қауіпсіздігін негіздеу |
Сарсембаева Н.Б. |
01.02.2023-31.12.2025 |
Зарханова А. |
КеАК ҚазҰАЗУ |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі |
Ветеринариялық санитария |
|
|
Жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің организміндегі радиоактивтілікті төмендету жолдарын әзірлеу |
Абжалиева А.Б. |
01.02.2023-31.12.2025 |
Мусоев А.М Боранбаева Т Ұзынтлеуова А.Д. Зарханова А.Ж Базарбаев Р.К
|
КеАК ҚазҰАЗУ |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі |
Ветеринариялық санитария |
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары
2025-2026 оқу жылындағы «Ветеринариялық санитария» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыс үйірмелерінің кестесі
|
№ |
Үйірменің атауы |
Уақыты |
Аудитория |
Ғылыми жетекшілер |
|
1 |
Сарапшы |
Сәрсенбі 14.00-17.00 |
225 |
Жумагелдиев А.А. Аллабергенова А.Д. |
|
2 |
Гигиенист |
Жұма 15.40-18.00 |
137 |
Барахов Б.Б. Турабеков М.Р. |
|
3 |
Радиобиолог |
Бейсенбі 14.00-17.00 |
217 |
Абжалиева А.Б. Узынтлеуова А.Д, |