18.04.2025 күні сағат 16:00 де «Ветеринария жане Зооинженерия» кафедрасында “English Language Day!”атты іс-шара өткізілді.
Бұл ісшараның мақсаты: көптегенстуденттерге және оқытушыларға ағылшынтілінің маңызын, танымалдығын және де адамдардың қызығушылығын арттыру. Біз өткізген іс-шарада тек программада бар қызықсыз және таныс ақпараттарқолданылмады, керісінше біздің іс-шарада танымал жазушылардың пьессаларынан көрініс, балалардың фантазиясына байланысты ойындар және басқа ағылшынтілі кең таралған мемлекеттердің церемониясын өткізілді.
Бұл мерекенің бастауын біз тарихынтаныстыруымен өткіздік. Тарихы, маңыздылығы, танымалдығы және осы мерекеге байланысты тағы көптегенақпаратпен презентацияда таныстырдық. Ары қарай ағылшын тіліндегі өлеңдіБекжаппар атты студент айтты. Мереке ағылшын тіліне орай болғандықтан бүкіл ісшара ағылшын тілінде өткен болатын. Өнерлер жағынан тағы 10 сценалық «Ромеожәне Джульетта» көрінісін айтып кетуге жөн. Балалардың жаңа актерлік шеберліктері ашылып, жаңа бағыттан көрінді.
Ең соңғы өнімділік бізде хор болды. Хор балалардың бір-бірімен ыңтымақтаста жұмысын және де бір біріне деген сыйластығын көрсеткен. Өнімділіктерден бөлек түрлі ойындар болды. Мысалыға: шәй церемониясы, пантомим ойыны және ассоциацияға байланысты қызықты ойындар болды.