ҚазҰАЗУ

“Петроглифтер -ежелгі қоғамның айнасы” атты тақырып аясында дәріс өткізілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – елдігімнің айнасы» тақырыбындағы апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 24.09.2025 жылы  ашық дәріс форматында  Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкерлері Бекбасов Жәнібек Жанатбекұлы мен Мырзабай Дастан Бақытбекұлы “Петроглифтер -ежелгі қоғамның айнасы” атты тақырып аясында дәріс өткізілді.

Кездесу барысында студенттер тасқа қашалған суреттер арқылы ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен сенімдері жайлы мол мәліметтер  алды. Петроглифтердің адамзаттың алғашқы жазу, ойды бейнелеу түрі ретінде маңызды екенін түсінді.

Көне суреттерді қазіргі көзқараспен қарағанда да ерекше әсер беретіні, олардың ғасырлар бойы сақталуы студенттерді таңғалдырды. Өткен мен бүгінді байланыстыратын рухани көпір екені сезілді.

Дәріс студенттерге тек тарихи дерек беріп қана қоймай, ежелгі қоғамды түсінуге, өз тамырын тануға, өткенге құрметпен қарауға ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник