ҚазҰАЗУ

«Ана тілім – елдігімнің айнасы» апталығы аясында «Поэзия – рухтың үні» көркем сөз оқу байқауы өтті

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – елдігімнің айнасы» апталығы аясында «Поэзия – рухтың үні» атты көркем сөз оқу байқауы өткізілді. Іс-шараны «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды.

Байқауға университеттің бірінші курс студенттері қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, студенттер өз шығармашылықтарынан туған өлеңдерін, жүрек тебіренісінен туындаған жыр жолдарын көпшілік назарына ұсынды. Абай Құнанбайұлының қара сөздерін жатқа айтып, ой тереңдігін, тілге деген құрметін көрсете білді.

Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігін, мәнерлеп оқу техникасын және шығармашылық көзқарасын бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау нәтижесі бойынша:

  • І орын – Каримова Мадина (Су ресурстары және ІТ-технологиясы факультеті)

  • ІІ орын – Өсерова Аружан (Инженерлік технология факультеті)

  • ІІІ орын – Байзакова Аружан (Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті)

Көркем сөз оқу байқауы – жас буынның рухани дамуына, тілге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етті. Поэзиямен өрілген көркем сөздер мен мағыналы туындылар тыңдаушылардың жүрегіне жол тауып, рухани байлық сыйлады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник