ҚазҰАЗУ

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған пәндік апталық табысты өтті

2025 жылғы 22–29 қыркүйек аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ана тілім – елдігімнің айнасы» атты пәндік апталық өткізді. Апталықтың басты мақсаты – ана тілін ұлттық құндылық ретінде насихаттау, студенттердің тілге деген құрметін арттыру, патриоттық сезімі мен ұлттық бірегейлігін қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық, зияткерлік және коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Апта аясында орыс тілі секциясының бірінші курс студенттері арасында бірқатар шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды:

  • «Поэзия — мәңгіліктің тілі» атты көркем сөз оқу байқауы. Қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқып, көркемдік шеберліктерін, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

  • «Ақынның өмірі, поэзиясы және өмірінен қызықты деректер» атты презентациялар байқауы. Студенттер атақты ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды мультимедиялық таныстырылымдар дайындап, тыңдаушыларға қызықты деректер ұсынды.

Байқаулар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны терең әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде бағаланды. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарына әділ бағасын берді. Қазылар құрамында: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Давлетова Г.А., п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Куппаева Б.Т., аға оқытушылар Нурмаханова Ж.М., Абдылдаева Ч.С., Тойгулиева А.Б., оқытушылар Бердышева Г.А., Байнайманова Ж.А. болды.

Көркем сөз оқу байқауының жеңімпаздары:

  • 🥇 1 орын — Мырзатаева Алтынай (МН 25-08к)

  • 🥈 2 орын — Берікұлы Азамат (Вет 25-09)

  • 🥉 3 орын — Райбек Аяулым (Вет 25-11)

Сондай-ақ келесі арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды:
«Ең эмоциялық орындау», «Ең үздік көркем интерпретация», «Көрермен көзайымы», «Ең үздік зерттеу жұмысы», «Ең креативті презентация», «Түпнұсқалық пен шығармашылық көзқарас үшін».

«Ана тілім – елдігімнің айнасы» апталығы – университеттің студенттік өміріндегі жарқын әрі мәнді оқиға болды. Іс-шара студенттердің дайындық деңгейін, шығармашылық әлеуетін және тіл мен мәдени мұраны сақтауға деген ұмтылысын айқын көрсетті.


---------Chatbot---------
виртуальный помощник