ҚазҰАЗУ

KazNARU делегациясы III Халықаралық ЦААПР конференциясына қатысты

2025 жылдың 24–25 қыркүйегі аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің делегациясы Орталық Азия Өсімдік питомниктері қауымдастығы (ЦААПР) ұйымдастырған 3-ші Халықаралық конференцияға қатысты. Делегация құрамында «Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» мамандығының 4-курс студенттері, факультет деканы Сарсекова Д.Н., кафедра меңгерушілері Майсупова И.К. мен Копабаева А.А., қауымдастырылған профессор Токтасынова Р.А., сондай-ақ практика және жұмысқа орналастыру бөлімі маманы Әділханова Б.Д. болды.

Конференция «Көшет шаруашылығы, көгалдандыру, абаттандыру: экологиялық сын-қатерлер жағдайында тұрақты даму және өзара ықпалдастық» тақырыбы аясында өтті. Шараны Орталық Азия Өсімдік питомниктері қауымдастығы салалық сарапшылар мен кәсіпкерлік құрылымдардың қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара бағдарламасы аясында KazNARU студенттері мен оқытушылары пленарлық отырыстарға, панельдік талқылауларға қатысып, көшет шаруашылығы, көгалдандыру және қалалық кеңістіктердің тұрақты дамуы саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдермен танысты. Арнайы назар экология, абаттандыру және ғылым мен өндірістің өзара байланысына аударылды.

Конференцияға қатысу студенттер үшін жаңа кәсіби білім мен практикалық тәжірибе алуға, сондай-ақ салалық сарапшылар және кәсіпкерлермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысы бойынша студенттерге өндірістік тәлімгерлер тағайындалып, әлеуетті практика базаларынан өндірістік тәжірибе өтуге ұсыныстар түсті. Бұл өз кезегінде олардың кәсіби келешегін едәуір кеңейтеді.

Осы сынды халықаралық ғылыми-тәжірибелік алаңдарға қатысу – болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы маңызды қадам әрі KazNARU-дың халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник