ҚазҰАЗУ

KazNaru-да күн панельдері орнатылды

2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNaru) кампусында халықаралық күн энергетикасына маманданған компанияның сыйға тартқан үш заманауи күн панелі орнатылды. Бұл жоба университеттің баламалы энергия көздерін дамыту және тұрақты болашақты қалыптастыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Аталмыш бастама KazNaru үшін тек инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы озық технологияларды меңгеруге мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Сондай-ақ, бұл жоба жастар мен ғылыми-педагогикалық құрам арасында экологиялық жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.

Бұл жетістік KazNaru-дың халықаралық QS рейтингісіндегі позицияларын нығайтуда да үлкен маңызға ие, себебі тұрақты даму мен «жасыл» технологияларды енгізу негізгі өлшемшарттардың бірі болып табылады.

«Электр техникасы және энергетика» кафедрасының студенттері күн панельдерін орнату және пайдаланудың ерекшеліктерімен танысып, құнды тәжірибелік білім алды. Бұл олардың теориялық дайындығын толықтырып, кәсіби құзыреттілігін арттыра түсті.

KazNaru басшылығы халықаралық серіктес компанияға білім беру және зерттеу базасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Мұндай бастамалар университеттің серіктестік байланыстарын нығайтып қана қоймай, бәсекеге қабілеттілігін арттырады және экология мен тұрақты даму мәселелеріне жауапты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

KazNaru басшылығы халықаралық серіктес компания – «Elcomtel» ЖШС-не, сондай-ақ Solarway-A компаниялар тобына университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу базасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Мұндай бастамалар серіктестік байланыстарды нығайтуға, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экология мен тұрақты даму мәселелеріне жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

KazNaru Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник