ҚазҰАЗУ

Тағам технологиясы студенттері үшін Qulpynai компаниясымен мотивациялық кездесу өтті

2025 жылдың 8 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінің “Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасында ерекше шара өтті — студенттер Qulpynai компаниясының өкілдерімен кездесті.

Бұл іс-шара жастардың кәсіби дамуына, шығармашылық ой-өрісін кеңейтуге және тағам өндірісі саласындағы жаңа бағыттармен танысуға мүмкіндік берді. Кездесу барысында студенттер компанияның құрылу тарихымен, мақсаттарымен және жеткен жетістіктерімен танысты.

Qulpynai — кондитерлік саладағы инновациялық идеяларды жүзеге асыруға және жастардың әлеуетін ашуға бағытталған заманауи платформа.

Кездесу барысында:

  • Компанияның миссиясы, даму кезеңдері мен негізгі бағыттары таныстырылды;

  • Студенттердің кәсіби өсуіне ықпал ететін бірегей мүмкіндіктер ұсынылды;

  • Сарапшылармен ашық диалог форматында пікір алмасу өтті;

  • Qulpynai платформасы арқылы жүзеге асқан сәтті жобалар таныстырылды;

  • Қатысушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен мотивациялық кеңестер берілді.

Кездесуге ПБ-24-19, СС-24-15К, ТПП-24-16К, ТПРП-24-17К және ТПП-22-07К топтарының студенттері белсенді қатысты.

Ал Qulpynai компаниясынан келесі өкілдер қатысты:

Сауынбаев Мақсат Құралбекұлы — HR-менеджер

Жолдасов Мерей Берікұлы — өндіріс меңгерушісі

Көшенова Айымжан Мақсотқызы — өндіріс меңгерушісі

Іс-шара жылы әрі ынталандырушы атмосферада өтіп, студенттерге кәсіби шабыт пен жаңа мүмкіндіктер сыйлады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник