Қонақ дәріс: орман шаруашылығын ғылыми негізде дамыту жолдары
2025 жылғы 21 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде А.Н. Бөкейханов атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты Алматы филиалының директоры Ахметов Руслан Сабырұлы «Қазақстан Республикасындағы орман шаруашылығын ғылыммен қамтамасыз ету» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Дәріске «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Руслан Сабырұлы Қазақстандағы орман шаруашылығы саласында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар туралы кеңінен баяндап, саланың қазіргі даму үрдістеріне тоқталды.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Дәріс жастардың орман шаруашылығы саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.