ҚазҰАЗУ студенті «AI IN ENGINEERING 2026» республикалық хакатонына қатысты!

ҚазҰАЗУ студенті «AI IN ENGINEERING 2026» республикалық хакатонына қатысты!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «IT-технологиялар» кафедрасы ИС-24-09К тобының студенті Асқарова Айжан Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) ұйымдастырған «AI IN ENGINEERING 2026» II республикалық 24 сағаттық хакатонына қатысты.

Хакатон Алматы қаласы мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген студенттерді, IT-мамандарды және инженерлерді бір алаңға біріктірді. Қатысушылар 24 сағат ішінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, өндіріс пен түрлі салалардағы өзекті мәселелерге арналған инновациялық шешімдер әзірледі.

Байқау аясында Асқарова Айжан «Сарапшыларды интеллектуалды іріктеу — AIID» жобасын әзірлеп, сәтті қорғады. Ұсынылған шешім сарапшыларды іріктеу үдерісін автоматтандыру және оның тиімділігін арттыруда жасанды интеллектіні қолданудың практикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Ғылыми жетекшісі — Сатыбалдиева Ф.Ә.

Хакатонға белсенді қатысып, жобасын сәтті қорғағаны үшін Айжан грамотамен марапатталды.

Осындай ауқымды іс-шараға қатысу студентке өзінің кәсіби білімін, цифрлық шешімдер әзірлеу дағдыларын, креативті ойлау қабілетін және шектеулі уақыт жағдайында нәтижелі жұмыс істей алатынын көрсетуге мүмкіндік берді.

Асқарова Айжанды хакатонға сәтті қатысуымен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, келешегі зор жобалар, кәсіби өсу және жарқын жеңістер тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник