ҚазҰАЗУ

ҚАЗҰАЗУ ЖӘНЕ АНЬКАН УНИВЕРСИТЕТІ (ҚХР) АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

✅2025 жылғы 27 қазан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) Анькан университетінің (ҚХР) Президент Юй Цзинь бастаған жоғары деңгейлі делегациясымен кездесті.

✅Делегацияны ҚазҰАЗУ-дың Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы қарсы алды. Ол өз сөзінде бұл кездесу екі ел арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды тереңдетудің жаңа стратегиялық кезеңіне жол ашатынын атап өтіп, барысында ҚазҰАЗУ-дың Орталық Азия өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші рөлі және Қытай университеттерімен қалыптасқан жемісті әріптестік тәжірибесіне ерекше тоқталды.

✅Президент Юй Цзинь мырза ҚазҰАЗУ басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғыс айтып, ҚазҰАЗУ-дың Қазақстанда ғана емес, аймақтың алдыңғы қатарлы университеті ретінде үлкен жетістіктерге жеткенін және Орталық Азиядағы аграрлық білім мен ғылымды дамытудағы жетекші рөлін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде Анькан университетінің агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) салаларындағы зерттеулеріне тоқталып, ҚазҰАЗУ-мен арадағы әріптестіктің екіжақты білім беру жүйесін жетілдіруге және ғылыми инновацияларды ілгерілетуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

✅Сонымен қатар, Юй Цзинь мырза ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен ұзақ уақыт бойы жемісті жұмыс жасап келе жатқанын айтып, болашақта да басқа белестерге жететініне сенім білдірді. Ол Республика күніне орай мерекелік демалыстарға қарамастан, делегацияны жоғары деңгейде қарсы алып отырғаны үшін ризашылығын білдіріп, ҚазҰАЗУ ұжымын Республика күнімен шын жүректен құттықтады.

✅Бұл кездесуге, Универстеттің Қазақстан-Қытай ғылыми орталығының директоры Думан Иманмади мен басқа да университет қызметкерлері қатысты. Өзара сенім мен ұзақмерзімді дамуға негізделген келіссөздер нәтижесінде үш негізгі бағыт бойынша ауқымды ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді:

✅Бірінші, білім беруді жаңғырту және академиялық бағдарламаларды жетілдіру. Екі университет ресурстарын біріктіру арқылы «Ақылды ауыл шаруашылығы» (Smart Agriculture) және аграрлық биотехнология салаларындағы оқу бағдарламаларын жаһандық стандарттарға сай жетілдіру көзделген. Бұл бағытта ең үздік тәжірибелерді біріктіретін қос дипломды бағдарламаларды әзірлеуге басымдық берілмек.

✅Екіншідіен, академиялық және кадрлық алмасуды жандандыру. Болашақ агроғалымдарды халықаралық деңгейде даярлау мақсатында студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының (ПОҚ) ұзақ және қысқа мерзімді академиялық алмасу бағдарламаларын жедел іске қосу жоспарлануда. Бұл бағдарламалар білім және мәдени тәжірибе алмасудың тиімді платформасына айналмақ.

✅Үшінші, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды бастау. Екіжақты ғылыми әлеуетті біріктіре отырып, ақылды ауыл шаруашылығы (ауыл шаруашылығындағы IoT және Big Data технологиялары), сондай-ақ техникалық дақылдар мен тағам өнеркәсібі салаларына бағытталған бірлескен зерттеулерді бастауға келісілді. Бұл зерттеулер өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей үлес қосады.

✅Кездесу тараптардың өзара сенім мен ұзақмерзімді дамуға негізделген қарым-қатынастың жаңа, нәтижелі кезеңіне айналатындығына сенімділік білдірілді.

✅Келіссөздерден кейін, Анькан университетінің делегациясы ҚазҰАЗУ-дың ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен, заманауи зертханалық кешендердің қызметімен және Қытай университеттерімен бірлесіп іске асырылған маңызды орталықтардың жұмысымен танысты.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник