ҚазҰАЗУ

Түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

12 қараша күні сағат 10:00-де өтетін түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Жәрмеңке келесі білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі: Бизнес және басқару, Құқық, Агроинженерия, Көлік қызметтері, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Өндірістік және өңдеу салалары, Су ресурстары және суды пайдалану, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Инженерия және инженерлік іс
Іс-шара барысында сіз:
•    Сұранысқа ие мамандықтар бойынша университет түлектерімен тікелей таныса аласыз;
•    Тәжірибеден өтушілер мен жұмысқа орналасуға үміткер жас мамандарды таңдай аласыз;
•    Отандық кадрларды дамытуға мүдделі жұмыс беруші ретінде өз ұйымыңызды таныстыра аласыз;
•    Елдегі жетекші аграрлық университетпен тәжірибе, зерттеу және бірлескен жобалар саласында өзара ынтымақтастық орната аласыз.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник