ҚазҰАЗУ

Түркітілдес елдердің рухани және мәдени ынтымақтастығы: халықаралық ғылыми байланыстар көкжиегінде

       2025 жылы 23 қазанда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Өзбекстан Исламтану халықаралық академиясында «Түркітілдес мемлекеттердің философиясы, мәдениеті және өзара қатынастары: тарихы, бүгіні және болашағы» атты VI Халықаралық симпозиум өтті.

        Іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Жалпы білім беру пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Әбдіразаққызы Алдабек арнайы шақыртумен қатысты.

Аталған симпозиумды келесі жоғары оқу орындары бірлесіп ұйымдастырды:

Өзбекстан Исламтану халықаралық академиясы (Өзбекстан)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан)

Қазан федералды университеті (Ресей)

Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Қазақстан)

Кырыккале университеті (Түркия)

Ш. Токтомаматов атындағы Халықаралық университет (Қырғызстан)

        Симпозиум жұмысы барысында түркітілдес елдердің ортақ тарихи-мәдени мұралары, қазіргі кезеңдегі рухани даму үрдістері мен интеграциялық серіктестікті нығайту мәселелері кеңінен қарастырылды.

         Ғалымдар мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы философия, мәдениеттану және халықаралық қатынастар салаларындағы өзекті ғылыми бағыттар бойынша мазмұнды пікір алмасты.

         Аталған ғылыми жиын түркі әлемі елдерінің зерттеушілері үшін өзара ынтымақтастықты тереңдетіп, ортақ идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды халықаралық платформа ретінде ерекшеленді.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник