ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«Білім беру социологиялық дискурста»

2025 жылдың 13 қарашасында ЭО 25-11, ЭИ 25-09, ТПП 25-16 және ЛГ 25-07 топтарында «Білім беру социологиялық дискурс контексінде» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Студенттер сабаққа тыңғылықты әрі шығармашылықпен дайындалып, кроссвордтар құрастырып, блиц-сауалдар әзірлеп, тақырыпқа қатысты негізгі мәселелер бойынша пікірталқылар ұйымдастырды.

Сабақ барысында қатысушылар әлем елдерінің білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, қазіргі қоғамдағы білім берудің даму перспективалары жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Ашық сабақ ынтымақтастық пен қызығушылыққа толы ортада өтіп, студенттердің жоғары дайындық деңгейін және белсенді қатысуын көрсетті.

Елеусизова Салтанат Қайратқызы, социология пәнінің оқытушысы

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник