АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде Алматы экономикалық колледжінің 2-курс студенттері үшін арнайы Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – колледж студенттерін университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен таныстыру, салалық зертханалардың мүмкіндіктерін көрсету және олардың кәсіби бағдарын кеңейту.
Алматы экономикалық колледжі мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті арасында өткен оқу жылының өзінде ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Осы келісім аясында колледж студенттеріне университеттің ғылыми ортасына жақыннан танысу, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту және таңдалған мамандықтары бойынша бағыт-бағдар алу мүмкіндігі ұсынылып келеді.
Іс-шараға колледждің «Кондитер» және «Аспаз» мамандықтарында білім алып жатқан студенттер қатысты. Білім алушыларды топ куратор Меруерт Бақытжановна және шебер Алгуватова Асия бастап келді.
Бағдарлама барысында студенттер университеттің заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдары:
– Тағам өнімдерінің технологиясы және сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығын;
– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығы;
– Қазақстан–Жапондық инновациялық орталықтарының (ҚЖИО) зертханаларын аралап, олардың жұмыс бағыттарымен танысты.
Студенттерге профессор-оқытушылар құрамымен пікір алмасу, университеттің ғылыми бағыттары мен мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы туралы ақпарат алу, сондай-ақ білім–ғылым–өндіріс интеграциясына арналған таныстырылымдарға қатысу мүмкіндігі ұсынылды.
Ашық есік күні «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Мамаева Л.А. және оқу шебері Дадашова Р.Т. ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара колледж студенттерінің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, тағам өнеркәсібі, стандарттау, сапа менеджменті, пісіру технологиялары және аграрлық ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыра түсті. Университет пен колледж арасындағы ынтымақтастық болашақ мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді платформа болып табылады.


