ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ»

2025 жылдың 21 қарашасы «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» Жалпықалалық студенттік ғылыми конференциясы өткізілді. Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАЗУ, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), Тұран Университеті, Қазақстан-Неміс Университетінен студенттер өз зерттеулерін қорғады. 
Конференцияның мақсаты: Шоқан Уәлиханов туралы зерттеу, еңбектерін талдау. Жастардың ғылыми көзқарасын, ғылыми мақала жазу, оны қорғау қабілетін дамыту болды. 
Конференция нәтижелері бойынша студенттердің ғылыми мақалалары электронды ғылыми жинақта жарияланады (жауапты: әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің философия кафедрасы).
Баяндамашыларға қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар және барлық қатысушыларға ҚазҰАЗУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар: Phd докторы., Нұржан Кулумжанов, аға оқытушы Кашкеева А.Б., оқытушы Бердіхан Г.М., аға оқытушы Тұрсынбаева Б.Ж.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник