CHEF BOYS: студенттердің дәм мен шеберлікке арналған ерекше кеші өтті
KazNARU Инженерлік технологиялар факультетіне қарасты «Болашақ» жатақханасының оқу залында «Энергетика және электротехника» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге арналған бірегей тағамдық мастер-класс өтті. «CHEF BOYS» атауымен өткен бұл шара әскерден соң оқуын жалғастырып жатқан студенттердің бастамасын қолдауға бағытталды.
Іс-шара барысында студенттер өздері дайындайтын тағам түрлерін ұсынып, дайындықтың әр кезеңін түсіндіріп, аспаздық шеберліктерін көрсетті. Ұқыптылық, жауапкершілік және ерекше ынта танытқан қатысушылар көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Кештің мақсаты — студенттердің күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларын дамыту, тез әрі дәмді тағам әзірлеу қабілеттерін жетілдіру және факультет ішінде достық атмосфера қалыптастыру.
Қатысушылар дайын тағамдарды тамашалап қана қоймай, өздері де сұрақ қойып, рецепттердің құпиясын үйренді және пайдалы кеңестер алды. Сонымен қатар, оқытушылардың ұйымдастыруымен көңілді ойындар ойнатылып, студенттердің белсенділігі мен командалық байланысы айқын байқалды.
Шараның ұйымдастырушысы — «Энергетика және электротехника» кафедрасы. Топ кураторы А.Талдыбаева студенттердің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
Осындай жанды форматтағы кездесулер студенттердің жаңа дағдылар меңгеруіне, бір-бірімен жақынырақ араласуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)